Monthly Archives: Сәуір 2011

сарымсақты пицца

Басында жай ғана сарымсақ пен пияз қосылған пицца жасамақшы едім. Бірақ  тоңазытқыштағы left-over заттарды көріп, оларды да пиццаға қосатын болдым. Нәтижесінде пицца атауына сай «үйде не бар» соның бәрін қосып жібердім. Сонда да пиццаны «сарымсақты» деп тұрмын, өйткені бұл пиццаны … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | 3 пікір

темпура

Орыстардың «овощи в кляре» дегенді жапондар «темпура» дейді. Осындай темпураны бүгін жасап көрдім. Көкөніс ретінде шалғам мен қиярды қолдандым. Ал негізінде паприканы да, сәбізді де, басқасыны да қолданып жасауға болады. Маған бәрінен шалғам мен тәтті бұрыш қосылғанысы ұнайды. Жапондар темпураның … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Көкөніс тағамдары | 2 пікір

пекин қырыққабатынан салат

Пекин қырыққабаты кәдімгі қырыққабатқа қарағанда едәуір «шырынды» (ор. сочный), жапырақтары да нәзіктеу. Көп витаминдерді ұзаққа дейін сақтайды.  Салат жапырақтары сияқты түрлі салаттарға жақсы келеді. Бүгін сол пекин қырыққабатынан қарапайым бір салат рецептімен бөліспекшімін. Қолымда кішкентай ғана қырыққабат қалғаны үшін, салаттың … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз) | 2 пікір

тауық сорпасына піскен булгур көжесі

Тойымды бір көже. Тауық сорпасымен ғана емес, басқа ет сорпасымен де пісіруге әбден болады. Ал ет орнына көжеге ірі тәтті бұрыш турап қоссаңыз, әдемі көкөністі көже болып шыға келеді. Жасап көріңіздер – бізге ұнады. жарты кесе ірі булгур 3 тал … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сорпалар | Пікір қалдыру

учпучмак

«Яссауи» компаниясында жұмыс істеп жүргенімде, көшенің арғы бетіндегі дүкеннен дәмді учпучмак сатып алушы едік. Сол бір кездің тәттілігінен ба, ыстықтай жеген сол учпучмактардың шынымен дәмді болғандығынан ба.. әйтеуір содан бері қанша рет учпучмак жесем де, «учпучмак» дегенде үнемі Фурманов пен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | 8 пікір

лимон пирогі

Бұл рецепттің қамыры начинкасына сәйкес келмейтін сияқты болып көрінді маған. Лимон пирогі үшін «песочное» тесто – ең жақсысы. имхо. Ал жалпы алғанда пирог жаман шыққан жоқ. Жартысын жұмыстағыларға да әкелдім. Жұмыстағылардың шын бағасын алу үшін пирогті жолдан сатып алғанымды айттым … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Тәтті бәліштер | 9 пікір

консервіленген балықтан салат

Консервіленген балықты жақсы көретіндердің салаты. Жақсы көрмейтіндер болса,  балықтың дәмін «басу» үшін салатқа майонез қосса болады. Бұл салатты «еріншектің салаты» десе де болады, өйткені ол шұғыл жасалынатындардан. консервіленген скумбрия немесе тунец 1 қияр 1 қызанақ 2 жұмыртқа 3-4 ас қасық … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді), Салаттар (майонезсіз) | 2 пікір

юфка қамырынан бәліш

Түріктер өте жұқа жайылып дайындалған лавашты «юфка» дейді. Осындай юфкадан қытырлақ дәмді бәліштер мен тәттілер жасалынады. Төмендегі бәліштің тұпнұсқасы  «бөрек»тің рецептін бұрын аспаздық беттеріне енгізген едім, бүгін сол бәліштің рецепттін сәл өзгертіп step-by-step жасалынуымен бөлісейін. 2-3 жапырақ юфка 1 жұмыртқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Мастер-класс | 4 пікір

қуырылған тофу

Тофудан тағы бір оңай тағам. Қуырылған тофу жеке тағам ретінде де жақсы, түрлі салаттардың құрамына қосымша қоспа ретінде де жақсы. Менде кунжут дәнектері бітіп қалған еді, оның орнына семіщке дәнектерін қостым. тофу кунжут дәнектері соя соусы кунжут майы аздап көк пияз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар | 10 пікір

Димаштың шоколады

Димаш есімді блогшыдан алдым бұл рецептті. Жасалынуы оңай сияқты көрінді. Бірақ ойлағанымдай оңай болмай шықты =) Неге екенін түсінбедім, бірақ менде какао қоспасы түк қоюланбай қойды =( Обал болмас үшін, ішіне сұлы жармасын (ор. овсянка) қосып жібердім. Extreme. Оны шикідей жеудің +/- терін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт | 4 пікір

қытырлақ «таяқшалар»

Аспаздықтың мастер-класс категориясы бойынша соңғы рет 2009 жылы рецепт қосыппын. 2010 жылы ешқандай мастер-класс қоспағаныма шын таңқалдым. Уақыт қалай демде зымырайды десеңш. Neweurasia сайысына қатысамын деп, сайыстың талабы бойынша тек «мастер-класс» категория бойынша жазып жүргенім кеше ғана сияқты еді.. бақандай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс | 4 пікір

өте тез жасалынатын алма оладьилері

Бұл ең тез әрі оңай жасалынатын алмадан оладьи. Дайын болған кезде оладьиден гөрі алма десертіне ұқсайды. Құрамында ұн аз болғандықтан болар, оладьиде тек алманың жұмсақ дәмі сезіліп тұрады. Құрамында ең көп алма болғанымен, оладьи форманы жақсы ұстайды. 2 алманы аршып, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт, Таңғы ас | 12 пікір

тофу қосылған омлет

Тофу дегенде ең басты (менің ойымша) екі нәрсе білу керек – тофу құрамында холестерин жоқ (мүлдем!) және ол асқазан ауруларына өте-мөте пайдалы. Әрине тағы көптеген пайдасы бар тофуның, ол жайлы in details Гугл айтып берер. Мен бүгін таңертең аса жеңіл … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

сары майға піскен күріш пен тауық

Күріш те, тауық та сары майға дайындалғаны үшін өте дәмді болып шығады. Достармен бүгінгі кездесуіміздегі дастарханымыздан бір үзінді. Күрішті сары майға аздап қуырып алып, үстін жауып тұратындай етіп су қосыңыз. Тұздаңыз. Бір қайнатып алып, астын бәсейтіп, өте жай отта 15 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Гарнир мен соустар | 2 пікір

корей сорпасы: миок кук

Орысша айтқанда «суп на любителя». Ламинария немесе басқаша айтқанда теңіз қырыққабаттың пайдасын елге айтып айтып жегізу керек – сонда тез желінеді. Хе-хе. Түрі онша емес бірақ. Бұл сорпа корей ас үйіне тиесілі. Сорпаны көбіне туған күндерінде пісіреді корейлер.  Сондай-ақ сорпаны … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сорпалар | Пікір қалдыру