«Халал» стандарт емес, марка болып кеткен сияқты. Шошқа еті болмаса болды – «халал» бола қалады көп өнімдер. Еттің халал болуы оның (еттің) қой немесе сиырдың болуы ғана емес, малдың қалай сойылғандығы маңызды деп білемін. Тақуалы кісілер тіпті сойылған еттің қалай кесілгендігіне (бір пышақпен халал ет пен шошқа еті кесілген болса, ет таза болмай қалады) де мән береді. Қазір саны көбейіп кеткен халал ресторандар мен кафелерден өз басым күмәндімін.
Бірақ арасында жақсылары да аз емес шығар. Жаңадан ашылған Cosmo мейрамханасы сондайлардан деп сенемін. Барып көру керек. Әзірге көп ұлттың тамақтарын жасайтындары + тиімді бағалары мен доставка бары ұнап тұр.