қаймақ кремді алма бәліші

Бұл рецепт маған үстіне құйылатын кремімен ұнады. Піскен кезде крем сүзбе сияқты болып тұрды. Дәмді. Әрі оңай.

қамыры үшін:

  • 150 гр сары май
  • жарты стакан қаймақ
  • 1,5 стакан ұн
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 4 алма тілімдері

крем үшін:

  • 1 стакан қаймақ
  • 5 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қ. ұн

Жұмсартылған майға қаймақ қосып араластырыңыз. Енді ұн мен разрыхлительді қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Песенье қамырындай болуы тиіс. Пісіретін ыдысыңызды аздап майлап жіберіп, соның ішіне қамырды тегістеп жайыңыз. Алмаларды аршып, жұқалап тілімдеңіз. Алма тілімдерді қамырдың үстіне тізіңіз. Крем үшін: қаймақты қантпен араластырыңыз. Жұмыртқаны, кейіннен ұнды қосып тағы араластырыңыз. Кремді алмалардың үстіне төгіп, біркелкі жайылуына ерекше назар аударыңыз. 180С духовкада бәліштің үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to қаймақ кремді алма бәліші

  1. Иманигүл айтады:

    Расында дайындалуы оңай екен. Дайындап көрдім. Маған өте ұнады. Бірақ менікі жұқалау болды. Сосын асты тез пісті де, үсті ұзақтау пісті. Рахмет сізге!

  2. Gulnur айтады:

    Дәмді және тез! Үлкен рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s