блогшылардың құрылтайы

19-20 наурыз күні Алматыда өткен блогшылар құрылтайында Аспаздық – «ең пайдалы тақырыптық блог» деп марапатталыныпты. Аспаздық үшін дауыс берген таныстарыма рахмееет! =) Сыйлыққа берілген Нокиа соткасын алып алдым. Незаслуженно екенін түсінсем де =)

Құрылтайға қатыспағаным үшін ешбір презентацияны тыңдай алмадым. Сондықтан құрылтай туралы білгенім – естігендерім ғана. Елдер жақсы өтті деп жатыр әйтеуір. Қатысқан блогшыларды құттықтаймын! Өз басым ұйымдастырушылардың көп спонсор тапқандары үлкен жұмыс деп білемін. Қиын болған шығар. Ақша жинау қашан да қиын. Ал бірінші рет өтетін (ел-жұрт естімеген) шара үшін ақша жинау екі есе қиын болса керек. Сосын шараға көп БАҚ қатысқан екен. Басында бұған кәдімгідей таңқалған едім (біздің БАҚ оңай-оңай (ақысыз) көп жерге бара бермейтінін жақсы білем), сүйтсем блогшылардың тең жартысы журналист екен =)

Жалпы құрылтайда пайдалы нәрселер көптеп талқыланғанына сенгім келеді. Қазақша контенттің көбеюі, википедиа мен басқа әлемдік ресурстардың аударылуы сияқты, аударып қана қоймай ҚЗ туралы барынша мәлімет қосу сияқты мәселелер. Тіпті, ойлаймын да, құрылтайда ресми түрде «келесі құрылтайға дейін қазақ интернеті үшін мына-мынаны жасауға сөз беремін» деп қол жиналса артық болмас еді. Интернетте қазақ саны аз, жұмыс болса бастан асады. Бірақ келесі жылы, кім бар – кім жоқ..  Өкініштісі бір күндік блогтар, жабылып жатқан сайттар аз емес.

Пользуясь случаем, массаған сайтының админдерін астын сызып тұрып қайта атап кеткім келеді. Қазақ интернеті үшін нағыз еңбегі сіңген азаматтар солар деп білемін. Ел білсін, ел көрсін, бізді мақтасын деген ойдан аулақ, тыныш қана «өз» жұмыстарын сапалы істеп жүрген оларға ескерткіш орнату керек. Көптен бір ғана мысал келтірейін: массағанға сөздік орнатар алдында, сол жігіттер Алматыдан қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде сөздік алдырған болатын. Софт копиясын емес, кітап түріндегісін. Сосын сол сөздіктегі барлық сөздерді бір-бірдеп (!) теріп, онлайн үш тілді сөздік жасады. Ел пайдасына. Содан ешқандай қаржылай пайда көрмесе де, түнімен жұмыс істеуге тура келсе де, массағанға жасалынған өзгерістерді бірі біліп – бірі білмесе де, ел-жұрт оларды танымаса да .. олар талмай қызмет етуде. Қайсы біріміз  «қазақша сөйлейтін интернет үшін» осылай шынайы қызмет етудеміз? Имхо, осындай жанқияр блогшылар керек қазақ интернетіне, қазақша контент көбейсін деп өз уақытын қия алатын жандар керек. Өткен құрылтайдың негізгі тақырыбы да сол болған шығар (үміттімін).

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

10 Responses to блогшылардың құрылтайы

  1. urimtal айтады:

    «Не заслуженно» деп айтпас едім. Үндемей жүріп көп іс тындырып жүрсіз ғой. :)
    Жүлдеңіз құтты болсын!

    • elvira айтады:

      рахмет =) Аспаздық екі айға жуық жабық болса да, жүлделі болғанымыз қуантады =) дауыс берген таныстарыма рахмет дегенім де содан. блогты бұрыннан танитындардың дауыстары арқасында болдық жүлдегер ^_~

  2. monti айтады:

    :) құтты болсын!

    • elvira айтады:

      рахмет! сыйлыққа особо қуандым, өйткені өзім сол апта телефон алуды жоспарлап жүр едім. білгендей уақытылы берілген, практичный/керек сыйлық болды мен үшін =)

  3. Ақзере айтады:

    Сіздікі ең заслуженный болды. :)

  4. Аяжан айтады:

    Эльвира сайтынды талай естіген едім. Кеше өз аузыннан естігеннен кеиін бүгін ғана ашып кордім. Маған өте ұнады…Әлі де талай жүлде алуыңа тілектеспін!!Алматыда болатын жаксы шаралар жайлы хабарлап турсан жаксы болар еді. Әрине уакытын болса…

    • elvira айтады:

      негізі блогты жарнамалағанды ұнатпайтындарданмын. бірақ сол күні сөзден сөз шығып Аспаздық туралы айтқаныма қуанып отырмын. Нәтижесінде сені осы жерден көріп қалдым =) қош келдің! тілегіңе көп рахмет!

  5. imanigul айтады:

    Мен осы блогқа «блог» туралы түсінігім болмай тұрған кезде алғаш қадам басқан болатынмын. «Аспаздық» деп гугл-шейхтан іздеген кезде, осы шықты. Содан барлық тамақтың рецептісін көшіріп алғам жасамақ боп))) Ол кезде блогспотта болған, қателеспесем. Сонымен не керек, ең пайдалы әрі керекті блогыма айналды десем болады. Сізді құрылтайға келе ме деп ойлағам және де күттім, бірнеше жыл тәтті тағамдарын виртуалды түрде ұсынып келген Эльвираның жанды бейнесін көргім келді. Аллаһ сәтін салмапты. Дегенмен сізді жеңімпаз деп тапқанда » ең заслуженный» дедім)))) Бірақ біраз уақыт блогыңызға кіре алмай, көңілім жабырқап жүр еді, бүгін, міне, қайта қауышып отырмын. Біраз нәрсе жазып тастапсыз… Жеңісіңіз құтты болсын!

    • elvira айтады:

      рахмет, Иманигүл! блогспоттан бері Аспаздықпен бірге болғаныңа, осындай жылы лебізіне, құттықтауыңа, тілектес болғаныңа көп рахмет! Аллаһ жазса – әлі кездесерміз!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s