Ескі блогым орналасқан платформа – блогспот – бір жылдай ашылмай тұрған соң, ол жердегі блогыма ешқандай жаңарту жасай алмай жүргенмін. Содан болар блогым түрлі спамдарды магнит ұқсап жинайтын болды. Реттейін десем, блог ашылмайды. Ойлап-ойлап, қимай-қимай, ақыры блогспоттағы блогымды біржолата өшіруге бел будым. Спам жинамауы үшін. Негізі спамдарды болдырмау үшін бар болғаны пікір/коммент жазуды жауып тастау керек еді, блогты өшірмей-ақ. Ақымақ басым мұны кеш түсінді. Болар іс болды. Сосын бүгін, бір yahoogroup-тың модераторы ретінде, байқаусыздан 25 мүшені группадан шығарып тастадым. Не күлерімді, не жыларымды білмей отырмын енді. Ужасно. Қысқасы, күннің сабағы – «асығыс түбі – өкініш».
Ақыры асығыс істеген тірлігім көп болды, тез жасалынатын асам рецептімен бөлісейін. Дәмі жақсы әрі әдемі (менікілеріне қарап баға бермеңіз) =)
- «плавленный» ірімшік
- қара нан
- қияр
Нанды тілімдеп кесіп, үстіне ірімшік жағыңыз. Қиярларды көкөніс турағышпен жұқалап кесіп, нанның үстіне қойыңыз. Енді нанды қалаған формаларда кесіңіз. Нан артықтарынан кешкісін көже пісіргенде қытырлақ (ор. сухари) жасап алсаңыз болады.