шетелдіктер Азиада туралы

Қысқы Азиялық ойындар басталғаннан ол жайлы шетелдіктердің пікірін білгім келіп жүр еді. Біздің телеарналар мен газеттердің берген сұхбаттарында я «теріс» пікірдің бәрі цензурадан тазалатын еді я да шетелдіктер сыпайлылықтарынан ойларын ашық жеткізбегенін сезіп едім. Бүгін кәріс пен жапондардың азиада туралы мақала жазған кейбір сайттарына кіріп гугл аудармашы арқылы оқып шықтым. Оқып алып әртүрлі сезімдерде болдым: күлгенім де, ызаланғаным да, ұялғаным да бар. Шыны керек, бізді мақтайтын бір де бір хабар кездестірмедім. Оң лебіздер тек Қысқы ойындардың ашылу салтанатына байланысты айтылыпты, қалғанның бәрі сын =( Біліп едім!

Шетелдік спортшылар өз елдерінде Қазақстан туралы / Қысқы ойындардың ұйымдастыру деңгейі туралы айтылғандардың кейбіреуі:

  • қонақүйлердің «звукоизоляция» дегені жоқтың қасы. Көшедегі көліктердің қозғалысы мен көрші бөлмедегі мен коридордағы әңгімелер мен у-шу жақсы демалуға кедергі береді. Біздер (яғни спортшылар) үшін болса, жақсы демалу өте маңызды (Астанада қайда қалғандарын сұрастырып едім, көбі «Думан» қонақүйде қалған екен)
  • Астанада шыңықтыру залдарында жөндеу жұмыстары әлі бітпеген. Сондықтан жарыс алдында шыңыққысы келетіндер, бояудың иісін жұтып денсаулыққа зиян келтіруде. Маска киіп жүрміз.
  • Тамақ пен сулары оңша емес. Тамақтары ауыр, ал судың бір дәмі бар.
  • ресми сайт арқылы онлайн билет сатып алу мүмкіндігі жасалынғанымен, негізінде билеттер онлайн сатылмайды. Онлайн резерв жасап, билетті барып алуың керек. 2 күн ішінде! Қазақстанға келмей тұрып сатып алуға мүмкіндік жасалмаған.
  • ұйымдастырушы әр ел үнемі көп медаль алатынын түсініп, бұл жолы да медальдердің көбі қазақтарға бұйыратынын сезіп едік, бірақ осыншама көп болатынын күтпедік.
  • т.с.с.

Ну ни че, «первый блин комом» демекші, біз үшін бәрі алда! (емес па?)

п.с: Қытай спортшының Азиададан алған әсерлерін Ертайдың блогынан оқыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s