мен және Азиада

Шаңғыға өмірімде бір-ақ рет тұрдым. А жоқ, мектеп кезінде де тұрғам, бірақ ол кезде тегіс алаңда жүрген болатынбыз. Ал таудан алғаш рет Вельмер қаласында сырғанаған едім. хехе, сырғанадым дегеніме қарап елдер шаңғыны күшті тебеді деп ойлап қалмас үшін «сырғанадым» орнына «құладым» деу дұрыстау болар (ол «тәжірибем» туралы жеке отырып айту керек).

Содан шаңғы тебу қаншалықты қиын/қауіпті/қорқынышты спорт түрі екені жеке басым жақсы түсінемін де, содан болар осы спорт түрін жақсы меңгергендерге қызыға қараймын (қызығатындарым арасында 10 жасар жиенім Бимен де бар). Сондықтан Азиада шеңберіндегі таудан сырғанау жарысын тамашалауға шақырылғанымда ойланбастан келістім. Жарыс Шымбұлақ жақта болды. Ерлер арасында суперкомбинация. Бірақ Медеуге жете бергенімізде жаңбыр жауды. Фуникулерлар кассаларына барғанымызда да – қар =(. Осындай ауа райы салдарынан кеше тамашала алмай қайтқанбыз. Есесіне бүгін (кешегі билеттермен) бір емес екі (!) жарысты тамашалаған болдық.

п.с.: дегенмен, өз басым барып көргеннен ТВ алдында қараған жақсы деп ойлаймын. Өйткені, кем дегенде спортшылардың әрбір сатыдан қалай өткендерін анық көріп, кімнің кім екенін біліп отырасың. Шымбұлақтағы жарыс ұйымдастырушыларының кемшілігі шығар – кімнің қай елден келгенін, спортшы сырғанап түскенде ғана біліп отырдық.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s