Айнұр апайдың пиццасы

10 күндік демалыстан кейін жұмыс істеу бір азап екен. Жылдың ең қысқа айы ақпан емес толық сеніммен қантар деуге болады: адамдар айдың ортасына дейін жаңа жылдық демалыстардан кейін өз өздеріне келе алмай жүреді. Жұмыс тоқтап, офисте адам аз (елдің көбі жылдық демалыста). Қызық.

Төмендегі пиццаны Айнұр апайдың рецепті бойынша жасадым. Қамыр нанның қамыры сияқты үлкен болғанына қарамаңыздар – өте дәмді. Жақсы болғаны соншалық пиццаны бүтіндей суретке түсіріп үлгермедім – сурет үшін екі тілім ғана қалды ;=)

  • 2 үлкен кесе ұн
  • 200 гр сүт немесе жылы су
  • 1 ас қасық құрғақ ашытқы
  • жарты ас қасық қант
  • 100 гр жұмсақ май
  • жарты ас қасық тұз
  • тұзды қияр
  • колбаса
  • ірімшік
  • қызанақ
  • томат
  • дәнексіз қара зәйтүн
  • сұйық май

Сүтке қант + ашытқы ерітіп 10 минутқа қойып қойыңыз. Ашытқы көтерілген кезде ішіне сары май мен тұз араластырыңыз. Енді ұнды қосып, илеңіз.  Ыстық жерге қойып, қамыр көтерілгенше күтіңіз. Осы кезді пиццаның начинкасын дайындау үшін қолдансаңыз болады. Колбаса, қияр мен зәйтүнді қалауыңыз бойынша тураңыз. Сұйық май мен шеңберлеп туралған қызанақ қосып араластырыңыз. Начинка сұйықтау болуы керек. Көтерілген қамырды пісіретін ыдысыңыздың көлеміндей етіп жайып, үстіне томат жағып шығыңыз. Томатқа аздап май қоссаңыз болады. Енді начинканы қойып, қалауыңызша сәндеңіз. Аскөк турап қоссаңыз болады. Духовканы жағып, 220С пісіріңіз. Қамырдың асты қызара бастаған кезде, духовканың астын өшіріп, пиццаның үстіне үккіштен алдын ала өткізілген ірімшікті себіңіз да, әлі ыстық болып тұрған духовкаға қайта қойыңыз. Бұл жолы ірімшік толық ерігенге дейін.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to Айнұр апайдың пиццасы

  1. moldir айтады:

    keremet sait. ALLA RAZI BOLSIN SIZDEN

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s