«Муравейник» торты үнемі фаворитім еді. Чак-чакқа ұқсағанынан ба, жасалуы оңай көрінгенінен ба, торт жасау білмегеннің өзінде сәтті шығатындығынан ба.. жасалынуы оңай болғанымен, муравейник тез жасалына қалатын торттардан емес. әрине үйіңізде өндірістік үлкен пешіңіз болмаса. Біздің үйде де кәдімгі духовка болғандықтан, муровейник қамырын 4 этапта пісірдім. Торт қамыры тез піседі, сол үшін тортты түннің бір уақытысында пісірсеңіз де, ас үйден алысқа кетуші болмаңыз. Әйтпесе, бір табақ қамырыңыз күйіп кетіп, торт менікіндей аласа бойлы болып шығады =(
- 200 гр сары май
- 3 жұмыртқа
- ұн
- тәтті сүт (сгущенка)
Майды ерітпей жұмсақ күйінше ұнмен араластырыңыз. Жұмыртқа қосып, қатты қамыр илеңіз. 2 сағатқа тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Енді духовканың табағына (ор. противень) қамырды үккіштен өткізіп бір қабат (ор. слой) етіп қойыңыз. Қамырдың түсі сарғая-қызара бастағанға дейін 200С ыстық духовкада пісіріңіз. Дайын қамырды бір ыдысқа төгіп, қамыр толық бітгенге дейін 3-4 этапта пісіріп шығыңыз. Қамырды пісіріп болған соң оның үстіне сгущенканы төгіп, араластырыңыз.
Бұрын мен сгущенканы пісіріп қосатынмын. Осы жолы Айнұр апайдың кеңесімен пісірмей қостым. Айтарлықтай өзгеріс көрмедім. Сондықтан ендігіәрі сгущенканы қайнатып әуре болмаймын деп шештім. Берілген мөлшермен суреттегідей 2 табақ муровейник шығуы керек.
Тәтті сүтті қайнатып, ыстықтай араластырса, жақсы сіңеді екен. Өткенде соны байқадым. Әлде бір сәтті шыққаны ма екен? ))) //бірақ енді ол чак-чак болатын, ал бұл тортым қалай шыққанын есіме түсіре алмай отырмын қазір )))//
Рахмет! Esine tusiru ushin kayta jasap koruin kerek endi ))
Иә, АЛЛА қаласа, еске түсіру керек! «Қайталау – оқу анасы» )))
курбылар,Муравейникти булай тарелкага жайып салган оншалыкты адеми коринбейди. кадимги жинишкелеу келген стакан бар гой. Сонын формасымен жасаныздар. Оте сулу, ари баскаша коринеди. Барин толык писирип, татти сут жане угитилген жангак, шамалы мейиз араластыныздар.Сосын стаканга салып форма жасайсыз. Ен алдымен стаканды муздай суга бир батырып алыныз.Сосын муравейникти салып бетин колмен жайлап кана тегистейсиз де бир затка тонкерсениз сол калыппен туседи. Сосын тоназыткышка биршама уакыт койып койыныз,катып калады. Ескерту: ар муравейник сайын стаканды муздай суга батырып отыруды умытпаныз. Сонда жабыспай тез тонкеріледң ыдыска,киналмайсыз. Сосын ар тарелкеге уш-тортеуден койып дастарханга койсаныз дастарханга ерекше сан береді. Жасалу тасили оте онай
рахмет, Мадина!