Маған рецепт қатты ұнады. Кеңес кезінде дерлік барлық дүкендерімізде «столичный» атымен сатылушы еді бір кекстер. Төмендегі кекстің дәмі соған қатты ұқсайды. Міндетті түрде жасап көріңіздер – highly recommended.
- 250 гр сары май
- 3 жұмыртқа
- разрыхлитель
- 200 гр қант
- 250 гр ұн
- қант пудрасы (үсті үшін)
- қара мейіз
Алдыменен сары майды жақсылап араластырыңыз. Қант қосып, ол толық ерігенше араластыруды жалғастырыңыз. Осы қоспаның ішіне бір-бірдеп жұмыртқа жарыңыз. Ұн мен разрыхлитель електен өткізіп, қасықпен жайлап қоспамен араластырыңыз. Мейізді жылы суда біраз ұстап, кептіріңіз да, ұнға малып қамырға қосыңыз. Араластырыңыз. Майланған және үстіне аздап ұн себілген ыдысқа қамырды қойып 160С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Піскен кексті жақсылап суытып алып қана үстіне қант пудрасын електен өткізіп сәндеңіз.
Salem. Sary maidyn ornyna margarin salsa bola ma? al razrehliteldin ornyna as sodasin?
екі жағдайда да болады. бірақ маргарин денсаулыққа зиянды дейді елдер, оның үстіне тағамды «ауыр» етеді. Кекстер сары маймен жасалынғанда жеңіл әрі дәмдірек болады. имхо.
ал разрыхлительды содамен толықтай алмастыра аласын. бірақ мөлшерден көп сода қоссаң, соданың иісі шығып тұрады.
a menin darigerim sary maidan gori margarin je dedi goi :D men ekeuinen de bas tartkaam.
mende duhovka jok, aitpese jasap korer em, birak ote jenil eken recept. mindetti turde jasap koru kerek. rahmet. ustine krem jaksam, tort bolady :DDDDDDDD
дұрыс істегенсің. денсаулық үшін ең пайдалысы екеуін де қолданбау. ал дәрігеріңді ауыстыр – имхо оның кеңестері күмән тудырарлық.
sodna etot keks poprobuyu sdelat, potom skaju kak poluchilos..
margarin vreden tem chto soderjit transmasla, rastitelnoye maslo dovodat v tverdiy vid..
vobshem kogda eto maslo popadayet v nashu kletku, to ono ne rassheplayetsa i kletka mutiruyet.. a kogda mnogo kletok-mutantov sobirayetsa.. posledstviya ne horoshiye..
ya naprimer beru tolko chistoye slivochnoye maslo 82,5% (3 jelaniya elitnoye nravitsa), esli nije protsent , pochitayte sostav budet napisano rastitelniye jiri a eto i est transmaslo.. vobshem sostav doljen byt tolko molochniye slivki..
Как кекс-то получился? ))
rahmet
Ас болсын!
Екі күннің бірінде осыны жасайтын болып кеттік. Ларами дүкендерінің сары майы мен жұмыртқасы жылдам өтіп жатыр екен //деген ба )))//. Расымен, жиі жасап кеттік. Миксерді аласың, зыр-зыр айналдырасың, бітті екен! )))
Дәмін татқан американдықтар: «аты нне бұл кекстің?» дейді. «Столичный» дейміз. Олар да ұнатып жатыр. Мына жақтан «Аспаздық» не «Эльвира» деген мейрамхана ашылса, бос қалмайтын сияқты ғой өзі ;)))
)) mashallah,uylerine konak bolmagan kisi kalmagan shigar kalalarinda
Ой, әлі көп ))). Жоғарыдағы пікірді жазған соң ертесіне Джоаннадан «рахмет!» деген открытка кепті. Осы пирогқа рахмет айтыпты.