жұмыртқалы кабачкилер

Бүгін Кореядан Қазақстанға қонақтар келген еді. Кореядағылар біздің жақты суық деп айтқан соң, қонақтардың бәрі жылы киімдерді сатып алып біраз дайындалыпты. Алматыда қар жоқ деп едім кореядағыларға – «өтірікші болып қалдық қой онда» деп настрлары түсіп еді, «қар жауса ниетіңізге бола жауар енді» деп қалжыңдасқанбыз. Сүйтсем, расында да! Алыстан келген қонақтардың самолеттан түскені сол еді – Алматыда қар жауып кетті =) Түнімен жауатынға ұқсайды. Кореяда көбіне қара суық екен, сондықтан біздің қарлы қысымыз оларға ерекше әдемі көрінер. Қуаныштымын!

  • жұқалап туралған кабачкилер
  • 2 жұмыртқа
  • қара / қызыл бұрыш
  • тұз
  • май
  • қытырлақ нан ұнтағы (ор.панировочные сухари)

Жұмыртқаларға бұрыш, тұз қосып араластырыңы. Енді осы қоспаға жұқалап туралған кабачкилерді малыңыз да, нан ұнтағына батырып, майға қуырыңыз. Дайын кабачкилерді қағаз майлыққа қойып майдан «құрғатыңыз». Немесе жұмыртқалы қоспаға 2 ас қасық ұн қосып пісірсеңіз де болады.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to жұмыртқалы кабачкилер

  1. halo айтады:

    Бүгін Кореядан Қазақстанға қонақтар келген еді.//
    оппа сіз мені қатты интригтап тастадыңыз ғой :) келген кісілер туристер ме деп интим сұрақтар қойсам болады ма? ;)
    білеспа, сіздің әр блогтарыңыз* мен үшін қатты қызық … мүмкін корейцтермен қайда барып не істегендеріңізді шетел блогыңызға күнделік ретінде жарияларсыз? (көп нәрсе сұрап кеттім ғой деймін, ұялған смай) :))))

    • elvira айтады:

      келген қонақтар туристтер. Бірақ мен оларды, үлкен өкінішіме орай, еш қыдырта алмай жүрмін. Құдайға шүкір, елдің бәрі мен сияқты емес – Қазақстанға бірінші рет келген қонақтарымыз жақсы демалып жүргендеріне сенгім келеді.

      Басқа блогтарыма да кіріп жүргеніне рахмет.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s