көктем салаты

«Көктем» деп атадым өйткені бүгін ауа-райы көктемнің жылы күндердегіндей керемет болып тұрды. Қазір ғой ол қар жауып кетті (бірақ ертеңге дейін еріп кететінге ұқсайды). Ал күндіз жып-жылы еді, кешке қарай көктемдегідей жаңбыр (!) да жауды.. супер еді қысқасы. Сосын бір достарымның үйлеріне бардық, олар кешкі асқа төмендегідей салат дайындап қойыпты. Қарапайым болып көрінгенімен, дәмі де күшті еді, түрі де көздің жауын алып тұрды..

  • консервіленген жүгері
  • қырыққабат
  • қызанақ
  • қияр
  • сұйық май
  • тұз

Қырыққабатты майдалап тураңыз да, ұзынша туралған қияр мен төртбұрыштап туралған қызанақпен араластырыңыз. Жүгері қосып, талғамыңызға қарай тұздаңыз. Маймен қосып араластырыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to көктем салаты

  1. Айжан айтады:

    күшті екен, жалпы салатты жасаудан менің тәтем «мастер» 5 мин-ақ салат жасап шығады, соның бірі алдында ғана жасаған капуста, горох, пісірілген күріш қосылған салаты. бәрін майонезбен, тұз салып араластырсаңыз өте дәмді болып шығады.:))

  2. Botakan айтады:

    Тез әрі дәмді, күшті салат екен +5 :)

  3. Мейіргүл айтады:

    Ммм… Дәмі тіл үйіреді :)))

  4. жаным айтады:

    вкусно)))))))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s