Бұл оладьилердің құрамына қалауыңыз бойынша әртүрлі нәрсе қоссаңыз болады. Бәрін блендердан өткізіп пісірсеңіз де болады.
- 1 стакан су
- 1 стакан ұн
- көк пияз
- асқабақ
- кабачки
- саңырауқұлақ
- ащы бұрыш
- сұйық май
- тұз
- 2 жұмыртқа
Жұмыртқа + ұн + су + тұз + май араластырыңыз. Сұйық қамыр ішіне көкөністерді ірі үккіштен өткізіп қосыңыз. Жақсы қызған табаға құйып пісіріңіз.