Бұрын берілген рецепттен сәл өзгеше, бірақ бәрібір дәмді. Піскен кезде іші артығымен жұмсақ болып көрінді, бірақ маффиндер толығымен суығаннан кейін сырты да, іші да әдемі болады.
- 3 ас қасық қаймақ
- 1 жұмыртқа
- 100 гр асқабақ
- 3 ас қасық сұйық май
- 150 гр ұн
- жарты ш.қ. разрыхлитель
- 3 ас қасық қант
- 2 ас қасық кокос талшығы
Қаймақ + жұмыртқа + сұйық май араластырыңыз. Бөлек ыдыста ұн + разрыхлитель + қант араластырып екі қоспаны қосыңыз. Асқабақты үккіштен өткізіп, кокос талшығымен қоса қамырға илеп жіберіңіз. Формаларға құйып, 180С ыстық духовкада 30 минутатй пісіріңіз.
саған өзіңе ресторан ашу керек екен
өзіме!? өзім ғана баратын ресторан керек жоқ маған =)
қалжың ғой. рахмет пікіріңізге.