имбирь қосылған емді шәй

Алматының ауарайын түсіну қиын. +5 болып тұрып, кешкісін -5 болуы мүмкін. Осыдан кеп елдің бәрі жөтеле бастайды. Салқын күндері имбирь қосылған шәй ішкен жақсы. Имбирь дәмі қышқылдау болады, бірақ шәйға қант қоссаңыз қышқылдығы дым сезілмейді. Бірақ емдік әсері азаятын сияқты. сол үшін қант орнына бал қосып ішіңіз.

  • екі сарымсақ түйірі үлкендігінде имбирь тамыры
  • жарты литр су
  • 2 ас қасық қант немесе бал
  • аздап қара бұрыш
  • 3 тілім лимон

Судың ішіне үккіштен өткізілген аршылған имбирь тамырын қосыңыз. Қант / бал қосып араластырыңыз. Бұрыш пен лимон да қосып, шамамен 5-10 минут қайнатыңыз.  Ыстықтай да салқындатып та ішкен жақсы. Мұндай шәй тұмаудың алдын алу үшін де жақсы. Ауырмаңыздар.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сусындар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to имбирь қосылған емді шәй

  1. urimtal айтады:

    Көп рахмет! Өткенде лимон алуға базарға барсам, оның да әртүрі бар екен. Бәлкім қытайдікі болар ма… ажырата алмадым. Душанбеде лимонмен шай ішіп, бірден тұмаудың бетін қайтарған едім. Мына лимондардың қабығы жұқа екен. Лимонмен аурудың алдын алатындай бір шипалы тағамдар жасауға бола ма екен?

    Сосын имбирді Алматыда қай жақтан сатып алуға кеңес бересіз? АРБ!

    • elvira айтады:

      жалпы мен ойлаймын пайдалы заттарды шикілей жеу керек. Яғни, қайнатпай, бұқтырмай, ешқандай термо обработкаға салмай.. сонда емдік қасиеттерін жоғалтпайды. ауырған кезде, бір тілім болса да лимонның өзін жеген жақсы имхо. Лимонның қабығы жұқа болғанда үсті гладкий болып тұрады, ал қалың қабықты лимондардың беті бүдір-бүдір болады. Дегенмен, қабықтың қалындығы лимонның шипалы қасиеттеріне тигізер зияны шамалы деп ойлаймын.

      Имбирь тамырын көкөністер сатылатын жерлерден іздеңіз. Лимон үлкендігіндегі тамыр шамамен 40-50 теңге тұрады. Имбирь тамырын таппай қалсаңыз, кез келген дүкеннен дайын имбирь ұнтағын сатып алсаң болады. Бірақ ұнтақтан жасайтын болсаң, шәйді көбірек қайнатқан жөн.

      Ем болсын!

  2. aijannur айтады:

    мәәә, мен ваще жақсы көрем имбирь қосқан шайды. мен тек тамырын емес, ұнтағын қосам суға + бал :) арықтауға да көмектеседі, және бойға керемет жылу береді екен. рахмет сізге :)

    • elvira айтады:

      имбирьді қосып тағы кекс анау-мынау жасайды, мен осы күнге дейін тек печенье жасап пісіріппін. қалған нәрселерге де қосып пісірудің уақыты келген сияқты. бізбен бірге бол, Айжаннұр, имбирь қосып тамақ пісіріп көрелік!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s