балық пирогы

Дастарханның бәліштері маған қатты ұнайды. Қамыры да жақсы, құрамындағы начинкасы да дәмді. Қалай жасайтындарын жақсы білмесем де, былай шамалап, барлық бәліштердің құрамына сорпа (бульон) қосатындарын түсіндім. Соның арқасында бәліш «сочный» болатын көрінеді. Осы принциппен мен де жасап көрдім. Қамырды көп илеп тастағаным болмаса, начинкасы ұқсаған сияқты. Әзірге +4

  • 1 ас қасық ашытқы
  • 1 шәй қасық қант
  • жарты стакан жылы су
  • 3 үлкен пияз
  • «морской язык» балығының үлкен тілімі
  • 1 түйір сарымсақ
  • су (шамамен 6 ас қасық)
  • тұз / қара бұрыш
  • жарты стакан жылы айран
  • 1 жұмыртқа
  • 150 гр сары май
  • ұн

Ашытқы, қант пен суды араластырып, үстін жауып қойыңыз. Ашытқы көтерілгенге дейін. Пияздарды жарты шеңберлеп тураңыз. Табаға май құйып қуырыңыз. Балықты төртбұрыштап турап, пиязбен аздап қуырып, араластырыңыз. Сарымсақты майдалап қосыңыз. Тұздап, бұрыш себіңіз. Аздап су қосып бұқтырыңыз. Көтерілген ашытқыға сары май, айран мен жұмыртқа, кейіннен де ұн қосыңыз. Қолға жабыспайтын қамыр илеңіз. Бетін жауып, 30 минуттай жылы жерде ұстаңыз. Майланған ыдыстың ішіне қамырды. оның үстіне балық начинкасын қойып, бетін қамырмен жабыңыз. Бәліштің бетіне жұмыртқа сарысын жағып, қара тмин сеуіп қойыңыз. 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to балық пирогы

  1. Айша-Гульнур айтады:

    Эльвира, мен е-асхананызга кайтып келдим !!! Коп нарсе откизип алыппын, дурыстаймыз иншаАлла)))
    Секрети сорпада деп жаздыныз гой, ол сорпаны кайда кашан косамыз?

    • elvira айтады:

      оОО! қайта оралуыңмен! енді ұзаққа кетпеші, окейлестік па? ^_~

      сорпа дегенде сол балықты бұқтырған кездегі суды айтамын. яғни, бәлішке начинканы құрғақтай емес, ол піскен сумен бірге қосу керек сияқты.

  2. Айша-Гульнур айтады:

    Окейлестик ))) инш бугун мамамнын тойдан оралуына дайындап кояйын ) отпишусь инш )

  3. мира айтады:

    өте жақсы рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s