үнді палау

Далаға қайтадан көктем келгендей ауарайы керемет болып тұр. Осындай күні жұмысты қойып, қыдырғың келеді. Міндетті түрде жаяу. Құлағыңда міндетті түрде МР4.  Төмендегі палауды «үнді» дедім өйткені ол Үндістан сияқты түрлі-түсті әрі көңілді.  Бәрі жақсы, бірақ келесіде жаңғақ мөлшерін азайтып жасамасам.. сіз талғамыңызға қарай жасаңыз дегенмен.

  • 250 гр күріш
  • 50 гр миндаль жаңғағы
  • 50 гр кешью
  • 100 гр қара мейіз
  • 100 гр нут
  • шәй қасық тұз
  • 0,5 шәй қасығы зира мен шафран
  • аскөк
  • 6 ас қасық сұйық май
  • 1 ащы бұрыш
  • 1 түйір сарымсақ

Нутты бір күн бұрын суға жібітіп қойыңыз. Суға жұмсағанға дейін (15 минуттай) пісіріп алыңыз. Жаңғақтарды майдалап турап, майға қуырыңыз. Жаңғақтар қызара бастаған кезде, сүзіп алыңыз. Сол майға нуттарды қуырыңыз. Жуылған мейіздерді, майдалап туралған ащы бұрыш пен езілген сарымсақты қосыңыз. Жуылған күріш қосып араластырыңыз. Енді күрішті бір сауысақ қалыңдығында жауып тұратындай етіп қайнаған су құйыңыз. Су қайнай бастаған кезде, астын басып (ең жай отқа қойып) қойыңыз. 20 минуттай пісіріңіз. Күріштің үстіне жаңғақтарды қойып, тағы 15 минуттай пісіріңіз. 5-10 минутатй қақпағын ашпай демдеңіз. Аскөк турап араластырыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to үнді палау

  1. aijannur айтады:

    wow! mynau keremet dieti4eskii tagam eken. mindetti turde jasap koru kerek eken. Rahmet!

    • elvira айтады:

      иә, жаңғақты түгелімен алып тастасаң бұл тағам диетический болып шыға келеді. жасап көріп, қалай шыққанын жазарсың, уақыт болса.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s