Кеше мамам мен папам қасиетті парызды орындап қажылық сапарынан қайтып келді. Впечатлений море. Негізі ертерек келулері керек еді, бірақ чартер рейстері 4 күнге кешігіп, аман-есен кеше ғана жеткен болды. Шүкір. Ақбантиктің дастарханынан самса жасап көрдім сол күні. Рецептті сәл өзгертіп алып. Келген қонақтардың бәріне ұнады.
- 4 стақан ұн
- 100гр.сары май
- 0,5 стақан айран
- 2 жұмыртқаның ағы, 1 жұмыртқаның сарысы
- сода жане тұз
- 800гр. асқабақ
- тұз және қара бұрыш
- 1 пияз (алдын ала қуырылған)
- 1 ащы бұрыш
- құйрық майы
- фарш
Қамырды илеп, 30 минутқа тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Асқабақты шикілей майдалап тураңыз. Ішіне ет пен туралған құйрық майды қосыңыз. Пиязды турап майға қуырыңыз. Етпен араластырып, қара бұрыш, тұз қосып араластырыңыз. Қамырдан аз аздан үзіп, қолмен домалақтар жасап ішіне асқабақ қоспасын қойыңыз да, қалаған форма жасап, үстіне жұмыртқа сарысын жағыңыз. Қалауыңыз бойынша қара тмин сеуіп, 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
Қажылықтары қабыл болғай!!!
әумин!
samsani osi rezeptpen jasap kordim. Ote jumsak shikti kamiri. Rakhmet!
ой Эля неге айтпадың мама папам қажылыққа барады деп:(. Мені де дұғаларына қос дер едім:).
Қажылықтары қабыл болсын Иншаллах
өзі де – мамамдарға екі беттен құралатын ұзын тізім жазып берген болатынмын. есімдерін атап дұға етіңізші деп. инш. дұғалар қабыл болып, бәрімізде бәрі жақсы болады =) қасиетті жерлерді көруді бәрімізге жазсын инш.
рахмет