Өте тойымды таңғы ас түрі. Әсіресе ер кісілерге ұнайтын болады деп ойлаймын. Өйткені құрамында ет бар =)
- 100 гр фарш
- 1 пияз
- бір тілім ірімшік
- бір жұмыртқа
- тұз, бұрыш
Пиязды майдалап турап, фаршпен бірге қуырыңыз. Ортасын ашып, ішіне бір жұмыртқа жарыңыз. Тұздап, бұрыш қосыңыз. Жұмыртқаның үстіне ірімшік тілімін қойып, үстін жауып 3 минуттай (ірімшік толығымен ерігенге дейін) пісіріңіз. Ыстықтай жеген жақсы.