асқабақ сорпасы

Асқабақ сорпасы емес «қызыл» сорпа деп аталса да болады. Өйткені құрамындағы барлық заттар қызыл түсті. Жеңіл әрі тойымды бір сорпа.

  • асқабақ (шамамен 200 гр)
  • 2 сәбіз
  • 1 стакан қызыл жасымық
  • 1 ащы бұрыш
  • 1 түйір сарымсақ
  • 1 пияз
  • тұз
  • аскөк

Қызыл жасымықты жуып, 1 литр суға қайнатыңыз. 15 минуттай. Пияз бен сарымсақты майдалап турап, майға қуырыңыз. Ащы бұрышты майдалап қосыңыз. Асқабақ пен сәбізді аршып, үккіштен өткізіп пиязға қосыңыз. Тұз, бұрыш қосыңыз. Осы уақытта жасымық та пісіп қалуы керек. Асқабақ қоспасын қайнап тұрған жасымыққа қосыңыз. Бәрін тағы 10 минуттай қайнатып, майдалап туралған аскөк қосып астын өшіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to асқабақ сорпасы

  1. Альмира айтады:

    кешірші, бірақ кейбір қазақша сөздеріңді ешкім білмей қалады. Жасымық деген не екенін айтсаң жақсы болар еді. Сосын бір рецепт сұрайын деп едім. Түріктердің қызыл чечевицадан жасайтын сорпасын блесн бе? чечевицаны немен үгітеді солар?

    • elvira айтады:

      чечевицаның қазақшасы – жасымық. ешкім білмей қалады дегенің көңілімді түсіріп жіберді =(

      Іздеу дегенде «жасымық сорпа» деп терсең, бірнеше вариант тауып береді. Ішінде түріктердікі де бар. піскен сорпаны олар блендерда айналдырады.

  2. Альмира айтады:

    :))))))))))) жасымық чечевица екенін білмеппін. бірақ мына жерге тап соны жазғаным қызық болған екен.
    РАХМЕТ саған

  3. Иманигүл айтады:

    мен де бірден астындағы комментті оқымай, сөздік.кз-дан «жасымық» дегенді қарап жатсаааааааааам…)))) Жасымықты сен де үгіттің бе? Мен жасыл түрін алғам ғой, он сағат қайнаған шығар, пісіп болмайды.:((( Сосын блендермен айналдыру керек шығар деп ойладым.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s