құрбан айтқа сыйлығым

Тоңазытқышқа іліп қоятын магнит жасауды көптен бері ойлап жүр едім. Ол үшін «Абди»ден барып пластика да алғанмын. Бірақ магнит таппай біразға дейін бұл идеяны кейінге шегіп жүргенмін. Көк базардан магнит тауып алғанымда, шабыт (себеп деп оқы) пен уақыт болмай кетті =) Енді міне Құрбан айтты себеп қылып, жасадым finally! Бірақ пластикадан емес… тұзды қамырдан!

магнит

  • жарты стакан майда «экстра» тұзы
  • жарты стакан ұн
  • жарты стакан су
  • 2 ас қасық картоп крахмалы
  • акрил бояуы
  • магнит

Картоп крахмалын суға ерітіп қоюланғанға дейін қайнатыңыз. Тұз бен ұн қосып қамыр илеңіз. Тоңазытқышқа екі сағатқа қойып қойыңыз.

Қамырдан қалаған формалар жасап, фольга үстіне тізіңіз. Ең төмен градусқа ысыған духовкаға қойып, 20-25 минуттай пісіріңіз.

Суытып алып, магниттерді қалауыңыз бойынша бояңыз. Friends сөзінде N әріпінің жоқтығын бояп болған соң ғана байқадым =( Бояу жақсы сіңуі үшін қайтадан пешке қойыңыз. Көп болса он минутқа.

Ең соныңда әрбір формаға магнит жабыстырыңыз. Момент клей қолданған жақсы.  Жоғарыдағы мөлшерден бір зуала қамыр шықты, сиырлар мен смайликтерді және тағы басқа магниттерді жасағанымның өзінде қамырдан әлі бір талайы қалды. Бір жақсысы көпке шыдайды екен қамыр, сондықтан целлофанға орап, тоңазытқышқа қойып қойдым, тағы магнит жасауға себеп туғанға дейін =)

Айттарыңыз қабыл болсын! Кішкентай магнит болса да, бір біріңізге сыйлық жасауды ұмытпаңыздар!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to құрбан айтқа сыйлығым

  1. urimtal айтады:

    күшті!!!

  2. Иманигүл айтады:

    Сәлем! Құрбан айтың қабыл болсын! Маған бір-екі кеңес берші. Кеше құрбан айтқа салаттар жасағанмын. Содан піскен картоп, сәбіз, қызылша, калбаса, ащы қияр қалған және сарымсақ қосылған мойенез. Осылардан не дайындауыма болады. Ысырап болып кете ме деп аландап отырмын. Рахмет!

    • elvira айтады:

      түсінгенімше енді салат жасағын келмейді =) ондай болса, сарымсақ қосылған майонезге піскен жұмыртқа қосып (оны үккіштен өткізіп алып) нанға жағып будерброд жасап көр. ал қалған заттардан перловка қосып рассольник жасауға болады. ысырап болдырмауға тырысқаның өте жақсы – уважаю!

  3. Иманигүл айтады:

    Коп-коп рахмет! Аллаһ разы болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s