корейлік женьшень шәйі

Бүгін жәй жақсы бір шәймен бөліскім келіп тұр. Бұл кореяның мақтанышы – женьшень – тамырынан жасалынған шәй. Женьшеньді өсіру өте қиын екен. Ең жақсы тамырлар алты жылдай (!) өседі. Бір рет жиналған женьшень тура сол топыраққа қайта отырғызылса шықпай қояды екен – қырсық =) (кем дегенде он жылдай күту керек). Женьшеньнің екі түрі бар – қызылы және сарысы. Женьшень әлі де корейлердің барлық ауруларға №1 емі болып саналады. Емдік жағынан ең күштісі қызыл болғаны, дегенмен ең қымбаты да сол.

Суреттегі шәйда женьшень тамырының ұнтағы бар. Шәйді қайнаған суға ерітіп ішу керек. дәміқандай дейсіз ба… хмм.. топырақтың дәмі бар! =))) маған сұмдық ұнайды. Айтқанымдай, мұндай шәйдің емдік пайдасы зор. Әсіресе шаршағанды жақсы кетіреді. Жұмысы стресспен байланысты болғандарға, иммунитетті төмен болғандарға да ішкен дұрыс. Бүгіндері Алматыда көбейіп кеткен корейлік дүкендерден кездестіріп жатсаңыздар – алыңыздар! өкінбейсіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***, Сусындар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to корейлік женьшень шәйі

  1. altygradus айтады:

    аха дәмі на любителя:)

  2. Анар айтады:

    Sad Love Story деген сериалда бір отбасында мамасы папасына деп сақтап жүрген женшень шөбін кішкене қызы ұрлап алып жақсы көретін жігітінің туған күніне сыйға тартады мынау сыйлығым деп, жігіт ойда еш нәрсе жоқ, велигіне әлгі женшеньді салып ап, кетіп бара жатқанда қыздың мамасын көріп қалады. Амандасып жатқанда мамасы ана великте қыстырылып тұрған женьшенді көріп түтіндеп кетеді, комедия!! ;)
    соған қарағанда тегін шөп болмады – ау деп ойлағам!

  3. alia айтады:

    men kitai wopterine senbim ote zian menin oimwa

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s