Айжанның ет қосылған бәліші

Жапонияда жүргенімде жиенім дүние есігін айқара ашып, маған «тәте» x 7 болу бақытын сыйлады. Бүгін болса сол Дамиля жиенім қырқынан шығарылды (бауы берік болғай!). Құтты болсынға жиналған қонақтарымызға Айжан есімді қызымыздың өз блогында жариялаған ет қосылған бәліштен жасадым.  Рецепт жасалыну оңайлығымен ұнады. Айжан берген мөлшерімен менде суреттегідей екі бәліш шықты. Ет жемейтінім үшін дәмін білмедім, бірақ жеп көргендер ұнатты! Айжан, рецептің үшін рахмет!

  • 1,5 кг ұн
  • 2 жұмыртқа
  • 200 гр сары май
  • аздап разрыхлитель
  • жарты стакандай тұзды су
  • 2 ірі картоп
  • 700 гр фарш
  • қара мен қызыл бұрыш
  • 2 ірі пияз
  • аскөк (optional)

Ұнға тұзды су, жұмсақ сары май мен жұмыртқаларды (бір жұмыртқаның сарысын бәліштің үстіне жағу үшін бөліп қойғанмын) қосып қамыр илеңіз. Үстін жауып қойыңыз. Картоптарды төрбұрыштап тұрыңыз. Пияздарды тұрап, жартылай қуырып алыңыз да, фаршқа қосыңыз. Қара мен қызыл бұрыш қосып жақсылап араластырыңыз. Енді қамырды (ыдыстың үлкендігіне қарай) екіге немесе төртке бөліңіз. Қамырды ыдыс көлеміне қарай жайыңыз. Майланған ыдысқа қамырды, оның үстіне де төртбұрыштап туралған картоптарды қойыңыз. Картоптың үстіне фарш қоспасын. Ен соныңда екінші қамырды жайып, бәліштің үстін жабыңыз. Бәліштің шеттерін әдемілеп бүгіңіз. Енді печенье кесу үшін қолданылатын формачкалармен бәліштің үстінен бастырыңыз (әрі еттің суы шығуы үшін, әрі бәліштің сәнді болуы үшін), үстінен жұмыртқаның сарысын жағып, алдын ала 200С қыздырылған духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

п.с.: Корея сапарынан естеліктерімді (көптігіне байланысты) бір ай бойы біртүрлі жинақтай алмай жүр едім. Одан ары соза беруіме болмас деп, аз аздан жаза бастадым. Мүмкіндік түскен сайын жаңартуға тырысамын. www.shetel.wordpress.com

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to Айжанның ет қосылған бәліші

  1. Айжан айтады:

    ммм… постымның бір қажетіне жарағанына өте қуаныштымын! :))

  2. Анар айтады:

    Эльвира, құтты болсын!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s