мейіз бен алма қосылған сүзбешелер

Мен кештің бір уақытысында пісірсем де, мейіз бен алма қосылған бұл творожниктер (сүзбешелер??) ең жақсы таңғы асқа жарасатын сияқты. Алма қышқыл емес тәтті болса, қант мөлшерін азайтыңыз. Ұнға аунатып алып, пісіру – маңызды. Егер аунатпай, құрамындағы ұн мөлшерін артсаңыз, сүзбешелердің іші піспей қалады. Ал егер аунатпай, құрамындағы ұн мөлшерін да арттырмай, болған күйінше пісіре салатын болсаңыз, сүзбешелердің асты үсті тез күйеді да, іші піспей қалады.

  • 200 гр сүзбе
  • 1 жұмыртқа
  • 1 алма
  • 100 гр қант
  • 100 гр ұн
  • мейіз
  • 50 гр Биос

Сүзбеге қант биос пен қант қосып араластырыңыз. Жұмыртқа жарып қосыңыз. Ұн қосып араластырыңыз. Алманы аршып, ірі үккіштен өткізіңіз. Алманы мейізбен бірге қамырға қосыңыз. Бір қасықтан қамырды ұнға аунатып, қызған майға пісіріңіз. Суытып та, ыстықтай да жеуге болады. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to мейіз бен алма қосылған сүзбешелер

  1. Айжан айтады:

    ммм дәмді көрінеді!

  2. raya айтады:

    вы супер

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s