оригами: құс

Токиода Натсуко Ниши есімді жақсы бір қызбен танысқан болатынбыз. Натсуко бізге жапониядағы бірінші сушилерімізді таттырумен қатар, оригами құс жасауды да көрсетіп үйретті. Кеше өз бетімше бір құс жасап көрейінші дедім: жасалынуын есіме түсіре алмай әрең дегенде жарты сағатта біреуін жасап бітірдім. Сосын тағы біреуін.. сосын тағы біреуін.. «заразительный» ермек екен =)

Корейлік «Full House» сериалында Хи Вон кішкентай кезінде (упс, баланың аты кім еді?) Рейнге осындай құстардан 1000 дана жасап үлкен бір банкаға салып сыйлаған болатын. Сол кезде «осыншама көп құсты не үшін жасады?» деп ойлағаным есімде. Сүйтсем, жапондарда (қытай мен кәрістерде де) осындай 1000 оригами құсты жасасаң арманың орындалады деген түсінік бар екен. Негізі, осыншама құс жасап отырып бір нәрсені ғана қайта-қайта ойлай берсең, сол арманды «ойлау» күшімен-ақ болғызатын шығарсын. Бірақ мен сияқтылар 1000 құсты жасап болғанша шаштары ағарып, армандарынан мүлдем бас тартуы да әбден мүмкін.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to оригами: құс

  1. Мейраш айтады:

    Салеметсізбе! Мен сіздің сайтыңызды күнде ашып караймын және ішіндегі татлыларды да жасап журмин. Озимнин даптериме барлык рецептттерди жазып та аламын. Мундай сайттын бар екендігін маган курбым айткан еди. Содан ашып карасам керемет нарселер бар екен, хикаяларыныз да катты унайды, кейде отырып тек хикаяларды іздеп оқып отырамын. Сізге аркашанда саттілік!

  2. elvira айтады:

    Сәлем! Пікіріңді жазғанына рахмет – қуанып қалдым. Негізі өсиет әңгімелердің жеке сайты бар – http://www.angimeler.wordpress.com адресінде. Блогспоттан мына жаққа көшкенімде әңгімелер аспаздыққа араласып кеткен болатын. қазір бәрі де өз орында. Жақында өсиет әңгімелерді жаңарта бастадым қайтадан. Кіріп тұрсаң қуанамын. рахмет!

  3. nurlandos айтады:

    Мұны жасап көргем. Қызық. Қайбір жылдары ауылға Юки деген жапон қызы келіп, қайтар кезде осындай жасап берген естелікке. Жасайтын әртүрлі қағаздары да бар. Юки кеткен соң бұзып үйрендік қой қалай жасалатынын.))))

    • elvira айтады:

      =) бұзып көру үшін Юкидің кетуін күткен екенсіңдер ғой онда. хе-хе. иә төртбұрышты түрлі-түсті қағаздары болады. арнайы оригами үшін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s