ең оңай шоколадты кекс

Ауа суыған кезде, шоколадты кекспен ыстық шәй ішуге қалайсыз? Рецепт оп-оңай, аз нәрсе керек етеді, дәмі – керемет. Кекстің үсті ақ болып пісуі – қанттан., қант пудрасын қосқан кезде кекс толыңымен қара болып піседі. Кекстің іші сәл ылғалдау, шоколадтың дәмі қатты сезіледі.

  • 150 гр сары май
  • 100 гр Қазақстан шоколады
  • жарты стакан қант
  • 3 жұмыртқа
  • 5 ас қасық ұн
  • аздап разрыхлитель

Алдыменен сары май мен шоколадты ерітіңіз. Ыстық майға қант қосып, қант толығымен ерігенге дейін араластырыңыз. Бұл маңызды. Жылынып қалған майға бір бірден жұмыртқа жарып қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін араластырып тұруды ұмытпаңыз. Ең соныңда ұн мен разрыхлитель қосыңыз.  (осы жерде шоколад дәмін ұлғайту үшін 1 ас қасық какао қосуға болады). Қасықпен араластырып, майлы ыдысқа құйып 170-180С ыстық духовкада 30 минуттай пісіріңіз. Кекс көтеріліп, пісті-ау деген кезде пышақпен шұқып тексеріңіз. Пышақ құрғақ болса – піскені. Ыдыстан толығымен суытып шығарыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

17 Responses to ең оңай шоколадты кекс

  1. vkototy айтады:

    Дереу көшіріп алдым, рас оп-оңай екен,көп рахмет!

  2. Жулдыз айтады:

    Эля, жаңа рецептеріңмен қуантқаныңа қуаныштымыз. Енді бізді қашан сушиге шақырасың)))))))))))

    • elvira айтады:

      =) Бопты! келесі апта соңы күтемін! (осы апта соңы мамамдардың достары қонаққа келеді просто)

  3. Айдана айтады:

    өте дәмді екен!!

  4. Aina meken айтады:

    бірінші жасағаным жақсы шыққан сияқты еді, көтерілгені де ерекше болды /суретін жеке поштаға жібемін, ИНШ/, кейіннен құрғақ болған сияқты. тез үгітілгіш болып шықты. оның себебін біле алмадым бірақ ((((

    • elvira айтады:

      Суретті алдым – меніңше өте әдемі шыққан! Кексттің құрғақ болып шығуы ұн мөлшеріне байланысты болады. Басқа ұн қолданған жоқсың ба екінші ретінде?

      • Aina meken айтады:

        ұннан емес шығар… білмеймін, бірақ. аа, ұн мөлшерін көп қылып қойдым ба екен, ә? тағы көру керек екен

  5. aigul айтады:

    damdi ekeni turinen blnp tur

  6. alia айтады:

    maili idska tusnbedmmm

  7. дилназ айтады:

    керемет маган оте катты унады!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!сыздерге ше???????????????????

    • elvira айтады:

      бізге де ))) бұл рецептті кімге бермесем де бәріне ұнап жүр. жаман нәтиже шықпайттын рецепттердің бірі.

  8. ика айтады:

    шыныменде өте дәмді! Бос уақытта жасап көру керек.

  9. warizada айтады:

    Кекс оте дамди болды

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s