Тамагояки

Корея мен Жапониядан келгеніме екі аптадан асса да, «с корабля на бал» болып жұмыстан басты енді ғана көтеруге мүмкіндік туды. Сапардан баяндаманы әлі жазып бастамағаным үшін, әзірге Жапония мен Корея елдеріне виза алғандағы бастан кешкендерімді іліп қойдым. Оған қоса www.fotosuret.wordpress.com адресіне аз-маз суреттер ілдім. Қызыққандар кіріп қараса болады. Бейнебаянды кейінірек жазып ілуге тырысамын.

Жапонияда Жаннаның қасында 2 күн қалдым. Сол екі күнде де «кешке қайда барайық» деген сұрақ туындады ма жауабым үнемі бір болатын «суши жеуге!» =) Сондағы сушидің бәрін жей алсам ғой..  таңдап таңдап 2-3 түрін ғана жейтінмін. Көбіне жұмыртқалы суши таңдауым болатын. Бүгін сол суши түрімен бөліскім келіп тұр. Тамагояки сушилерімнің дәмі (түрі де) мүмкін Жапониядағыдағыдай бола алмады, бірақ Нагасакидегі қысқа уақытымды есіме түсіруге жетерлік болды. Сонысымен-ақ маған қымбат.

Дайындалуы: 4 жұмыртқаны бір ыдыста жақсылап араластырыңыз. Ішіне 1 шәй қасық соя соуысын және 100 гр-дай жылы су қосыңыз. Аздап тұздаңыз. Майланған табаға алдыменен бір ожау қоспа құйып, пісіріңіз. Қуырылған жұмыртқаны бір шетінен орап, табаның шетіне қарай ысырып қойыңыз. Тағы бір ожау құйып, қуырыңыз. Табаның шетіндегі жұмыртқаны жаңадан піскен жұмыртқа омлеттің үстіне қарай ораңыз. Осы процессті жұмыртқа қоспасы біткенге дейін қайталаңыз. Үлкен омлет шығуы керек. Омлетті үстінен бастырып қойыңыз. Суши үшін күрішті пісіріп, соның үстіне жұмыртқа омлетін турап, нори жапырағымен буып қойыңыз.

Негізі мен омлеттің арасына нори жапырағын қойып пісірмекші едім. Ұмытып кетіппін. Бір басқа жолы енді. Нори жапырағынан қалған ұсақтарды онигири жасап пайдаға жараттым. Ол туралы ертең жазармын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s