Маған сұмдық ұнады. әсіресе ұнсыз болғаны =) Тағы бір артықшылығы – өте тез дайындалады! А еще – ішінде хурма бар! (үйіңізде езіліп қалған хурмаларыңыз болса пайдаға жаратудың ең жақсы амалы)
- 1 стакан геркулес жармасы
- жарты шәй қасық разрыхлитель
- кунжут (мен аршылған семечки қостым)
- 100 гр сары май
- 2 жұмыртқа
- 150 гр қант пудрасы
- 200 гр хурма (финики)
Хурмалардың дәнектерін алып тастаңыз. Майдалап тураңыз. Геркулесті разрыхлитель және семещкимен араластырыңыз. Майды ерітіп қосыңыз. Бөлек ыдыста қант пудрасы мен жұмыртқаларды араластырыңыз. Негізгі қоспаға туралған хурмалармен бірге қосып араластырыңыз. Арнайы қағаз немесе фольгаға тізіп (ара арасын алшақ етіп), 200С ыстық духовкада 5 минут пісіріңіз. Сосын градусты 160-ке түсіріп тағы 15 минут пісіріңіз. Жақсылап суытып алып фольгадан алыңыз.
Ұнсыз печенье! керемет, әрі дәмді көрінеді!