еріншектің пиццасы

Сенбі күні «Асыл ет»тен фарш күтіп, ауызашарға дұрыстап дайындала алмадым: дүкендегілер фаршты тек қана түстен кейін дайындайды екен. Ораза кезінде біраз ыңғайсыз сияқты мұндай уақыт кестелері.  Осылай түске дейін асыл еттің 1-2 дүкенін аралап жүріп алдым да төмендегідей менюді ғана дайындай алдым:

  • көкөністі көже
  • ыстық тамақ ретінде: котлет пен соя соусына піскен тауық
  • гарнирға: күріш пен пюре
  • салатқа: скумбрия мен «свежий» салаты
  • шәйға: алма пирогы мен сүзбелі пирогтары
  • бауырсақ пен пиццалар
  • хурма қосылған маффиндер

Асығыс болған соң, хурма қосылған маффиндерден басқа ешқандай жаңа тағам әзірлей алмадым.  Мафииндерді де суретке түсіріп үлгермедім. Айыпқа бұйырмаңыздар. Пиццадан бір орта кеседей «начинка» қалған еді. Соны пайдаға жарату мақсатымен бүгін «еріншектің пиццасын» жасадым. Осындай «пиццаларды» лицейде тәрбиешілеріміз жасап беруші еді. Hey gidi gunler..

Мұндай пиццаның жақсы жері – қамыр илеп уақыттыңызды құрпайсыз. Батон нанды жұқалап турап, соның үстіне кетчуп жағып, пиццаның начинкасын қойясыз. Менің начинкам: жұқалап туралған корнишон қияры, шұжық, дәнексіз қара зәйтун мен ірімшік (сыр). 200С Духовкада 15 минуттай пісірсеңіз болғаны – наны қытырлақ дәмді пиццаңыз дайын! Таңғы асқа жақсы вариант.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s