қырыққабат пісірмесі

Естеріңізге салайын, пісірме дегенім  -«запеканка». келіссеңіздер де, келіспесеңіздер де – сол! бұл жайында ешқандай сын қабылданбайды! айтпад демеңіз. =))

  • орта үлкендіктегі қырыққабат
  • 2 сәбіз
  • 2 көк бұрыш
  • ет
  • 2 картоп
  • ащы бұрыш
  • 4 қызанақ
  • үлкен пияз
  • тұз, түрлі дәмдеуіштер
  • 1 стакан сүт
  • 1 жұмыртқа
  • ірімшік

Алдыменен тұзды суға қырыққабат жапырақтарын пісіріп алыңыз. Сүзіп алып, кептіріңіз. Табада кезек кезегімен пиязды + сәбізді + жұқалап туралған етті + картоп пен көк бұршақты қуырыңыз. Қызанақтарды аршып, табаға қосыңыз. Тұздап, дәмдеуіштерді қосуды ұмытпаңыз. Бәрін жартылай қуырып болған соң, астын өшіріп суытыңыз. Енді форманы майлап, бір қабат қырыққабат, оның үстіне қуырылған қоспадан, қайтадан қырыққабат деп тізіп шығыңыз. Ең соңғы қабат қырыққабат болуы керек.  Сүт пен жұмыртқаны араластырып, пісірменің үстіне біркелкі етіп төгіңіз. Ірімшікті үккіштен өткізіп сеуіп қойыңыз да, 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s