картопты рулет

Рецепт Oktay Ustanin mutfagindan атты кітаптан алынған. Кеше ауызашарға келген қонақтарыма жасап көрдім. Негізінен оңай рецепттер қатарына кіреді. Бірақ мен үшін рулетті орау процессі қиындау болды (суреттен де көрініп тұрған сияқты). Асығыс жасағанымнан ба. Тұпнұсқада аскөк рулеттің шеттерін толық жауып тұруы керек. Айналасына алдыменен майонез жағып (жұқа қабатпен), сосын аскөк сепкенімде, аскөк картопқа жақсырақ жабысар ме еді, онысын ендігіде тексеріп көрмекшімін.

  • 4-5 картоп
  • көк бұршақ
  • шұжық
  • 4-5 корнишон қияры
  • 2 жұмыртқа
  • аскөк

Картоптарды аршып, тұзды суға пісіріп алыңыз. Картоптар піскен кезде (артық суы бар болса оны төгіп) жарты стакандай сүт пен үлкен қасық сары май қосып пюре жасаңыз. Жұмыртқаларды пісіріп алыңыз. Жұмыртқаларды, шұжық пен корнишондарды төртбұрыштап тураңыз. Арнайы «пленка»ға картоп пюресін қойып, жайыңыз.  Картоптың үстіне бұршақ және алдын ала туралғандарды қойып, рулет етіп пленкаға ораңыз. Тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойып қойыңыз. Картоп форманы жақсы ұстауы керек. Аскөкті майдалап тураңыз. Енді рулетті аскөкке  малып (?), тілімдеп кесіңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to картопты рулет

  1. Альмира айтады:

    арнайы пленкаға не пайдаландын?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s