Бүгін тура бір ай бопты қызыл еттен бас тартқаныма! уау! вегетериандықтарға гип-гип-урра! гыгы адам баласының қолынан бәрі де келеді дегендері рас екен. ішіміздегі «жасай алмайсың», «шыдай алмайсың», «күшің жетпейді» деп тұратынды жеңе білсек, бәрі де мүмкін екен. өзімнің кішкентай да болса осы бір жетістігіме қуанып отырмын. Үлкен жетістіктерге себепші болғай!
Суреттегі духовкаға піскен тауықтың рецепті бұрын бергенімнен сәл ерекшелеу. Ауызашарға машақаттау болып көрінгенімен, ондай емес. Рет ретімен жазайын:
- тауық
- картоп
- қызанақ
- пияз
- болгар бұрышы
- тұз, ірі қызыл бұрыш
- аздап зәйтун майы
Алдыменен картоптарды аршып, суға жартылай пісіріп аласыз. Сәбізді зәйтун майға 4 минуттай қуырып аласыз, пияз қосып тағы 2 минут қуырыңыз. Енді тауықты бөлшектеп, ыстыққа төзімді шұңғыл ыдысқа қоясыз да, жартылай пісіп туралған картоптармен араластырасыз. Тұздап, бұрыштайсыз. Үстіне пияздарды қойып, оның үстіне де туралған болгар бұрышын тізесіз. Ең соныңда домалақтап туралған қызанақтарды да тузуп, үстіне ешқандай да фольга жаппай 200С ыстық духовкаға қоясыз. Қызанақтардың түрі өзгере бастаған кезде, тағамының дайын болады.
Мен қасына брокколи пісірдім: ол үшін броколли гүлдерін қайнап тұрған суда 5 минут пісіріп алдым да, аздап лимон суымен араластырып қойдым. Ас болсын.