итальяндық пицца (соусы)

Ауруханада жатқанымда (қандай қорқынышты естіледі) таңертең ерте тұрып, далаға шығып күнде бір сағаттай қітап оқитынмын. Күн ысымай тұрғанда,  тып-тыныш аулада кітап оқу – демалыстың өзі екен. Рахатизм. Сол кезде бұл әдетті кейін де жалғастыруға ниеттенгенмін  – жұмыстың алдында үйіміздің қасындағы екі парктің біреуіне барып тұрамын деп. Қарбалас өмір онысымды да ұмыттырды. Бірақ Рамазан қайта есіме салды бұл уәдемді =) қалай? Сәресін ішкеннен кейін жұмысқа дейін көп уақыт қалады: кітап оқуға ең қолайлы уақыт! Сондықтан биыл Рамазан – жыл бойы оқылмай келген кітаптарымның оқылуы айы болсын!  АЛҒА!

.. немесе сол уақытты пайдаланып пицца пісіріңіз =) Суреттегі пицца қамырының бұрын жазғандарымнан айырмашылығы жоқ. Ерекшелігі – соусында. Жалпы пиццаның қамырына мен екі түрлі нәрсе жағатынмын: кетчуп немесе аз сумен араластырылған томат пастасы. Енді үшінші тәсілді үйрендім (нағыз итальяндық): пияз + аршылған қызанақтарды + сарымсақты майдалап тұрап аздап қуырасыз да, блендермен езесіз. Тұз бен бұрыш және басқа дәмдеуіштерді қоссаңыз – соусыңыз дайын болады.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s