көкөністі көже

Оразаларымыз қабыл болсын! Бүгін жасалынуы жеңіл бір көжені ұсынбақшымын. Ауызашарға жақсы вариант. Әрі жасалынуы тез, әрі пайдалы, әрі жеңіл.

  • 2 ірі картоп
  • 2 цуккини
  • 3 қызанақ
  • 1 пияз
  • 1 сәбіз
  • аскөк
  • сарымсақ пен тұз

Картопты аршып, майда төртбұрыштарға тураңыз. 1,5-2 литрдей су қайнатып, картоптарды соның ішінде пісіріңіз. 15 минуттай. Бөлек табада май қыздырып, төртбұрыштап туралған сәбізді қуырыңыз. Қалауыңыз бойынша пиязды да төртбұрыштап тураңыз (немесе жарты шеңбер етіп). Пиязды мөлдір болғанға дейін қуырып, төртбұрыштап туралған цуккинилерді + тұз және бұрыш қосыңыз. Ең соныңда аршылған* қызанақтарды + майдалап туралған сарымсақты қосып, 5 минуттай қуырып астын өшіріңіз. Қуырылған көкөністерді піскен картоптарға қосыңыз. Бір қайнатып, аскөк қосыңыз да 3 минуттан кейін тамақтың астын өшіріңіз.

* қызанақтар оңай аршылуы үшін, оларды 3 минуттай қайнап тұрған суда ұстаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

20 Responses to көкөністі көже

  1. Қайтарма үнқосу: Ауызашарға көкөністі көже (via Аспаздық) « Өрімтал

  2. urimtal айтады:

    Рахмет! Цуккини дегеннің не екенін білмек болып, гуглдан суретін қарасам, бірнеше көкөністің түрі шықты. Кабачки сияқты көкөніс қой иә? Сосын мүмкін болса, Рамазан айына арналған ас мәзірлерен бір айдар аясында топтастырасың ба?

    Содан кейін, пиязды мөлдір етіп қуыру үшін не істеу керек? Отты баяулатып, кішкене су қосу керек пе? Әлде басқа құпиясы бар ма?
    АРБ!

    Айтпақшы, сәресіге 30 мин ішінде қандай тағам дайындауға болады? :) Білгеніңіз болса, бөлісе отырсаңыз!

    • elvira айтады:

      ас болсын, Асхат! Иә, цукини = кабачки. Олардың бірнеше түрлері бар, бірақ Алматыда бір-ақ түрі сатылады.

      Ораза айы ешқандай да бір арнайы рецепттерді керек етпейді деп ойлаймын. Майлы емес, тез қорытылатын болса болды. Яғни, қандай да болсын рецептті сәл adjust жасасаңыз болды деп ойлаймын.

      Пиязды үнемі араластырып, орта отқа пісірген кезде ол мөп-мөлдір болып піседі. Өз басым су қоспаймын, сумен қалай болатыны беймәлім.

      Сәресіге ең дұрысы сорпа пісіру дер едім. Сорпаның барлық түрі жарай береді. Әрі асқазанға қолайлы, әрі уақыт жағынан тиымды.

  3. Нұрғиса айтады:

    Мына сорпа ұнады, АРБ!

    Асхат, 30 минут болса және аздап етпен болуын қаласаң:

    – бір уыс фарш
    – екі бас картоп
    – бір бас қызан
    – бір бас пияз (жуа)
    – бір бас болгар бұрышы
    – орта көлемді бір сәбіз
    – бар болса, жарты баклажан

    Осыларды тез-тез майдалап төртбұрыштап турап, аздап май құйылған қазанға орналастырып, әлгі айтылған фаршты қос. Керегінше тұздарсың. Отты орташадан сәл пәс қоярсың, қазанның қақпағын жауып қой. Буымен піссін. Пісті-ау деген кезде жемес бұрын үстінен аскөк турасаң жақсы. Істеп жатсаң осында жазып, бөлісерсің.

    • urimtal айтады:

      Иә, мынауыңыз да шынымен жақсы вариант екен. Фарш алу керек болды ғой. :)

    • Нұрғиса айтады:

      Ұрымтал, одан соң осы жердегі «балық сорпасын» көр бағамдап, қосалқы нұсқа ретінде. Бүгін осыны жасап көргім кеп жатыр :)

      https://aspazdik.wordpress.com/2010/06/09/%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%81%d0%be%d1%80%d0%bf%d0%b0%d1%81%d1%8b-korean-version/

    • urimtal айтады:

      Дайындадым. Достарым бәрін тауысып қойғанына қарағанда ұнаған тәрізді. Басында көкөністерді дайындап жатқанда: «Апыр-ай, бұны тез пісіріп болармын ба?» деп уайымдағанмын. Жанталасып жүріп, 10 мин ерте пісірдім. Ауызашарға дейін буы бұрқыраған сорпаның дәмі қандай болды екен деп қарап отыруға тура келді. :)
      P.S. оқырмандарыңыздың арасында қыздар ғана емес екенін ескеруіңізді өтінемін :)

  4. Нұрғиса айтады:

    Автордан сұрағым келгені: осы сорпаға тунец балығының етін қосса қалай болады екен?

    • elvira айтады:

      Қызанақ пен цуккини арқасында бұл көженің тәттілеу бір дәмі болады. Балық дәмімен үйлеспейтін сияқты.

  5. altygradus айтады:

    оо шынымен күшті екен
    еріншек мен де жасайтын:) Рахмет

    • Нұрғиса айтады:

      Алтыградус, байқарсың, сорпаға жақсылап тойып ап, қырық градустың о жақ, бер жағына шығып кетпе, өрмелеп ;)

  6. Гулфайрус айтады:

    Сіздерге тез дайындалатын тағамның рецептін ұсынғалы отырмын. Оразаларыңыз қабыл, астарыңыз дәмді болып, дәтке қуат қоссын:)
    ОКРОШКА
    Ұсақкөзді үккіштен 6 бас редиска мен 3 жас қиярды өткізіп алыңыз. 100-150 гр. аскөк (укроп, көк жуа, петрушка, щавель) пен қабығынан аршылған пісірілген жұмыртқаны ұсақтап турайсыз. Дайын болған компоненттерді араластырып, тұзын татыңыз. Адам санына қарай тарелкаларға салып, үстіне салқындатылған айран құйыңыз. Немесе қалауыңызға қарай ақшыл квас пен айранды 1:1 арақатынасында араластырып құюға да болады.
    Бұл окрошка өте сіңімді. Қарынды да тойдырып, аптап ыстықта сергітіп, күшке күш қосады. Оның үстіне асқазанға да өте-мөте жеңіл тимек, әрі пайдалы. Оразаның алғашқы күндері бұл тіптен қолайлы, жылдам дайындалатын ас мәзірі болатын шығар деп ойлаймын:)

    • elvira айтады:

      рахмет, Гүлфайруз! аспаздықта окрошка (жажикті санамаған кезде) жоқ еді, бір күні жасап көрейін. Бұрын құрамында квас бар деп жасамаушы едім (квас ашытылып жасалынатындығынан ішінде алкагольдің % болу ықтималы жоғары), тек қана айран қосып жасап көруге тұрарлық.

  7. сүйкімді оқырман айтады:

    Сіздің мынау көжеңіз маған шабыт беріп, бірінші рет оңай деген соң жасап көрдім кеше. :) кіші 5-6 помидорды аршып турадым кубик етіп. 1 тал пязды қызылдап қурып, помидорды салдым. оны қуырып, су құйып қалған помидорды салдым. қою помидор согын унатушы едім. сол майдалап картоп салдым турап 2 шт. пісіп қалды деген кезде жіп-жінішке лапша салдым тез пісетін, үгітіп. лавровый лист, тұз. болды былай дәмді болған сияқты. бастысы ыстық сорпа помидордан шыққан сияқты :)

  8. Гүлфайрус айтады:

    Эльвиранын блогы да кірсе шыккысыз екен)) Жазбалары тап-татті))

  9. Қолқоюсыз айтады:

    тамак жасап билмейтиндерге жаксы болды-ау. тапканыма куаныштымын. енди осы сайтка кирип, калай тез жане дамди тамак жасауды уйренип алам,буйыртса.

  10. Aina meken айтады:

    бүгін осы сорпа біздің мәзірде болады, ИНШ ))). Бұрын осындай сорпаларға жәй бір салаттан күрделі тамақ сияқты қараушы едім )))). Ал қазір масқара тойып қаласың. тіпті, кәдімгі екінші тамақтардың дәрежесінде деп қарайтындай болдым )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s