духовкада піскен балық

Стационар мен амбулаторлық емдеуден өтіп, бүгін наконец-то жұмысқа шықтым. Бақандай үш апта болмаппын жұмыс орнымда, осының алдындағы іссапарымды да қосар болсам тура бір ай болады екен. Масқара! Бераат түні қарсаныңда шыққаным жақсы болды дегенмен. Мүмкіндікті пайдалана отырып, баршамызды осы қасиетті түнмен құттықтаймын! Игі амалдар жасауымызға себепкер болуына тілекшімін!

Дәрігерлердің айтқанына көніп біраз уақытқа дейін «қызыл» етке жоламайтын болдым. Балық пен тауықтан жаңа тағамдарды жасап үйренуге жақсы себеп сияқты. Осы апта соңы Мусабтың туылған күніне орай, інім шашлык-party жасайды екен. Енді  балықтан шашлык жасатпасам оған гыгыгы. Ал әзірге суреттегідей балық пісіріп жүрмін. Қиын емес. Дәмді.

  • бүтіндей сазан балығы
  • картоп
  • пияз
  • қызанақ
  • ащы қызыл бұрыш
  • тұз
  • лимон

Мен балықты әлі күнге дейін тазалай алмайтындығымнан (көздерінен қорққандығымнан), балықты алдын ала сатушы қызға тазарта салдым. Тазаланған балықты салқын суға жуып құрғатыңыз да, тұздаңыз. Қызанақтан басқа көкөністердің бәрін қалауыңызша тураңыз. мен аздапспециялар қостым. Көкөністердің бәрін бір ыдыста зәйтун майын (немесе сұйық май) қосып араластырыңыз. Негізі балықтың да майы шығады, бірақ сонда да. Енді духовканың табасына балықты қойып, айналасына туралған көкөністерді қойып шығыңыз. Үйіңізде қандай көкөніс болса да бола береді. Енді қызанақтарды картоп пен балықтың үстіне тізіп қойыңыз. 220С духовкада картоп қызарғанға дейін пісіріңіз (50 минуттай).

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

12 Responses to духовкада піскен балық

  1. urimtal айтады:

    Рахмет. Биыл шетелге шықпай, ем қабылдағаның да орынды болған екен. Ауырмай, үнемі сергек жүруіңе тілектеспін! Оразаға орай арнайы аспаздық жазбалары болар ма екен? Әйтпесе, сәресіне тары ботқасын пісіріп жалыға бастадым ;)

    • elvira айтады:

      қой-е олай айтпа – жаңа жерді көрмей өткен демалыс демалыс пе екен? =) тем более билет алып қойдым уже!

      • urimtal айтады:

        Онда жолың оң болсын! Сапарда болсаңыз, біздерге дұға қыларсыз! :)

  2. Жулдыз айтады:

    Эля, сауыгып кеткеніне куаныштымын! Ауырма! Бізді дамді тагамдарынмен куанта бер. Жемесек те жегендей болып журе берейік)))
    Ал сапарын сатті болсын! Кысык козді агайындар туралы репортаждарынды кутеміз)))

  3. Nazym айтады:

    ulken salem,
    wordpresske koshkenindi aytpapsin goi :(
    auirip kalipsin goi :( budan bilai auirmai juruine tilektespin ….. rada videt tebya opyat na neobyatnih prostorah …..:)

    • elvira айтады:

      сәлем! рахмет! өзім әлі дұрыстап орналаса алмай жүрмін уордпресске – айыпқа бұйырма, Назым, айтпағанымды. ааа қазақтелеком блогспотты қайтып қашан ашады екен..

  4. Nurgul' айтады:

    Elvira, salem! Men ozininiz siyakty as azirleudi unatatyn kazak kyzdarynyn birimin. Sizdin blogspottagy saitynyzga kopten beri kire almai jur edim, jana adresinizdi kop izdegenmin,sony bugin tauip ote kuanip otyrmyn.Sizdin usingan receptteriniz magan ote unaidy. Alda da koptegen janalyktarynyzben bolisedi dep oilaimyn.Sizge tek tabys tileymin.Jana saitynyz korkeye bersin!

  5. Aina meken айтады:

    жасап жатырмын, Элвирка. Тәуекел АЛЛАға!!! менің балығым бірақ кішкентай болғандықтан, ірірек қып турап, ұн мен бұрышқа араластырып, көкөністердің жанына қойдым. қалай шығатынын күткен қызық енді )))
    хи-хи-хи. Бір кісі ұнатпаса да, тұздалған қияр қосып қойдым ))) (((
    бірақ аз енді. аз деп өзімді жұбатып отырмын. енді алған соң, ол қиярды да бітіру керек емес пе, иә?

    • elvira айтады:

      Іске сәтІ Хехе, өте дұрыс жасадың! Мен де обал болмасын деп, қолда бардың бәрін қолдануға тырысамын. Кешкі асының дәмді шығатынына сенімдімін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s