футбол салаты

Ауада футбол вирусы бар. Маған бұл вирус былтырғы Қазақстан-Англия ойыны кезінде жұққан болатын. Хе-хе сол кезде менің гипер-актив жанкүйерлігіме (бір орында отыра алмай, қайта қайт орнымнан тұрып вратарьдың шабандығына ашуланып/ұрысып, нервничать еткеніме) қарап інім «саған футбол қарау зиянды!» деген диагноз қойып тастаған еді =) Сондықтан биылғы Әлем Чемпионатында қатты қатты уайымдап, тілекші болып Корея құрамысының ойындарын ғана көремін деп шештім. 12 маусым Корея-Греция 2:0 есебімен біткен ойыны бір керемет болды – сол күні қаншалықты риза болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Кәрістер жақсы ойын көрсете алды! Ole, ole-ole-ole!!! Go, Korea, Go!

Айтпақшы, барлық жанкүйерлерге  http://www.marca.com/deporte/futbol/mundial/sudafrica-2010/calendario-english.html қарауды ұсынамын – өте ыңғайлы ресурс!

  • ақ пен қара нан
  • 2 картоп
  • 1 консервіленген тунец
  • 2 қызанақ
  • аскөк
  • майонез

Катоптарды пісіріп алыңыз. Бір ыдысқа тунецті майдалап, төртбұрыштап туралған картоп пен қызанақты қосып майонезбен араластырыңыз. Енді 5 және 6 бұрышты формаларды наннан турап шұңғыл домалақ ыдыстың түбіне тізіңіз (мен орта кесе қолдандым).  Ортасына салатты қойып, бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Ұсынар алдында үлкен тарелкеге төнкеріп, айналасына туралған аскөк  «егіңіз» =) п.с.: Рецепт интернеттен Нина деген қыздан алынған.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to футбол салаты

  1. altygradus айтады:

    myaa oilap tappaityndary joq i elderdin))
    Elya sen kadimgidei Koreanyn fany bopsyn goi)
    Korea komandasy menshe japondarga qaraganda myqty, qaz cableTV joq, qaragym kelgen oiyndardy kop qarai almaisyn, qatty futbol fanaty bolmasam da, TVden koz almai qarap otyratyn))
    keshe aiteur japondaryn Kameroondy jenip bir jasap qaldy japondar:))
    qursyn, songy 10 min qashan biter eken dep mazamyz ketip qaradyq qoi bukil Japonia:))))

    • elvira айтады:

      менің салатым допқа ұқсады ма? түүү, сұратқызбай айта салмадың ба өзің! =)) енді жақсы болды десең, комплимент сұрап алғандай боламын – ұят-ай =)))

      Кореяның фанаты болғанда қандай! Осы жылдың ауруым ол. Дос қыздарымды да, жұмыстағыларды да әбден шаршатып біттім корея туралы әңгімелеріммен =)) Сондаймын ғой, млин – лаулап жанып, лаулап сөнетін =(

      Корея мені өзінің “экономическое чудо” қабілетімен баурап алды. Соғыстардан, колонизаторлардан бас көтере алмай жүрген ел, бірнеше жыл ішінде қандай жетістіктерге жетіп алды! Қарасаң, көз тоймайды. Endless Efforts, Endless Endurance, Endless Modesty.

  2. Ақзере айтады:

    Мен корей әртістеріне қарап, корей еліне ғашық болдым. ))) Басында футболдан Испанияға болеть ететінмін әркез, енді осы жолы Корейлерге жанкүйер боламын деп шештім :)

    Салат әдемі шығыпты, допқа шынымен ұқсайды! Молодец! ;)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s