Кеше үйден таңертең сағат 8-ден кете ерте шықтым. Демалыс күні бұл уақытта Қазақфильм жақта тұратындар әлі ұйықтап жатады: көшеде адам аз, машина аз.. терезеден құстардың «сайрауы» ғана естіледі. Райымбек көшесіне жете бергенімде сағат 8:15 көрсетіп тұрды: көшеде адам лық толы, бәрі бір жерге асығуда, саудагерлер арбаларымен жұмыс орындарын реттеуде.. Кішкентай Алматымыз мың түрлі, адамдары әр түрлі – сонысымен де сүйкімді! Қайырлы таң, Алматым!
- 1 апельсин
- 150 гр қант
- 1 стакан ұн
- 150 гр ерітілген сары май
- 1 ш.қ. разрыхлитель
- 2 жұмыртқа
Ерітілген майға қант қосып, қант толық ерігенге дейін араластырыңыз. Апельсиннің қабығын арнайы пышақпен (жұқалап алатын) қырыңыз, апельсинді екіге бөліп суын бөлек ыдысқа сығып алыңыз. Апельсин цедрасы мен суын ерітілген май қоспасына қосыңыз. Жұмыртқа қосып бәрін араластырыңыз. Ұн мен разрыхлительді жеке араластырып алып, оларды да негізгі қоспаға қосыңыз. Енді арнайы маффин қағаздарына 2 қасық қоспадан қойып, 180-200С ыстық духовкада пісіріңіз.