тары ботқасы

Корейлер кездескен кезде бір бірінен «тамақ іштің ба?» (күріш жедің ба) деп сұрайды екен. Дұрыс тамақтанбаған адам, еліне дұрыс қызмет атқара алмайды мағынасында [упс – қайтадан азия туралы айтып кеттім ба?!]. Уақытылы тамақтану маңызды, соның ішінде ең маңыздысы таңғы ас ішу дер едім. Таңғы астың денсаулыққа пайдасы көп екенін бәріміз білсек те, таңғы асқа шын мән беріп жүрген қазақ аз =) Өкінішті ақ. Төмендегі ботқаны жасауға бар жоғы 15 минут кетеді, бірақ сол бір кесе ботқа сізге күн бойы энергия сыйлайды. Айтпад демеңіз! Денсаулығымызға жақсы қарайық – жұмысқа кешігіп бара жатсақ та, таңғы асымызды ішуді ұмытпайық.

  • 1 кесе тары
  • 2 кесе су
  • 2 кесе сүт
  • 1 ас қасық қант
  • 1 шәй қасық тұз
  • талғамға қарай сары май

Алдыменен тарыны тазадап алыңыз да, ыстық суға жуып алыңыз. Су толығымен тазарғанға дейін. Отқа қойып бір рет қайнатып алыңыз. Суды төгіп, таза су құйып қайтадан қайнатыңыз. Көбікті алып тастаңыз. [суды ауыстыру мен көбікті алып тастағанда ғана тарының қышқылдығы кеткен болады]. Енді 5 минуттай алдыменен қатты отқа, кейін астын басып жай отқа пісіріңіз. Су тартыла бастаған кезде ыстық сүт қосыңыз. Қант пен тұз қосуды ұмытпаңыз. Енді талғамыңызға қарай аз сулы немесе сұйықтау етіп ботқаны пісіріңіз. Ең соныңда сары май қосыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to тары ботқасы

  1. make айтады:

    бізде мұны көже дейді

    тары көже
    күріш көже
    бидай көже
    жүгері көже
    арпа көже

    мұнан басқа ашытпа/ашыған дитін түрі бар

    • elvira айтады:

      біз дегеніңіз қай жақ? =)
      Алматыдағы аспаздар көженің орысшасы «суп», ботқаның аудармасы «каша» деп біледі. Бірақ әрине бұл екі тағам бірдей мағына беруі мүмкін кең байтақ жеріміздің кейбір жерлерінде. өйткені, айтқанымдай таңғы ас дәстүрі қазақ ас үйіне толықтай сіңбеген деп ойлаймын. «каша», «гренки» тб таңғы ас тағамдары сияқты. сондықтан lost in translation болу ықтималы үлкен =)

      • make айтады:

        таңғы ас жөніндегі ойыңыз ұнады
        елдің алдыбоп оянатын жандарға арналған десе болады

  2. altygradus айтады:

    ashytpa ol biraz basqadai menshe
    oo Elya uej birtalai narse jazyp ulgeripsin malades)
    Myna narse magan dal kerek narse eken
    jasap ishem/ jeim Insh, tek qant tuz ornyna tek bal gana qosam dep oiladym))

    • elvira айтады:

      бір кинодан «қант – ақ өлім, бал – сұйық өмір» дегенді естігем. сенікі дұрыс, Жан! «өмір» сүріп үйренуім керек мен де.

  3. Гулфайрус айтады:

    Әрине, қазағымыз тыңқиып етке тойып, шайын ішіп, оған қоса артынан айран ішіп жай жатады. Асқазан таңғы асты қайдан қаласын сосын:) Ботқаға орыстар құмар ғой. Бұны біздің оралдықтар «пшено» дейді :)

    • elvira айтады:

      соңғы жылдары ғой ол қазақтар еттен басқа ешнәрсе білмейді деген стереотип пайда болған. Аталарымыздың таңғы асы, түскі асы, кешкі асы бөлек-бөлек болғанға сенемін. Дана халықпыз ғой. Просто аталарымыздың өмірінен көп жайттар бізге дейін жетпей, ұмытылып кетті деп ойлаймын. Бір күні ботқа пісіруді орыстар қазақтардан үйренген деп дәлелденсе таң қалмаймын =)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s