балық сорпасы (korean version)

ал, аспаз ханым, жаңа қонысын құтты болсын! =)

Несін жасырайын, блогспотпен үлкееен қимастықпен қоштастым. 6 айға жуық күттім әне-міне ашылып қалады деп, эхххх бұйырмаған деп осыны айт, ашылмай қойды ақыры =) блогспот ауылындағы бұрынғы үйім кішкентай болса да тиянақ, қарапайым, жинақы болатын; енді новостройкаға көшкендеймін: заттарымды (бұрынғы жазуларымды) реттей алмай бір түрлі болып отырмын жатырқап. Көшіріскен Айшик досыма үлкеееееееен рахмет! сен болмасаң..

Араласып жүргендерім байқап (кейбіреулері қайта қайта айта бергенімнен шаршап) қалғандай, соңғы кездері оңтүстік-шығыс азияға қатты қызығып жүрмін. Сондықтан бүгін, үлкен үзілістен кейін, корейше бір сорпамен бөлісейін дедім. Жасалуына 15-20 минуттай ғана уақытым кетті, сонысымен қатты ұнады.

  • консервіленген тунец
  • бір пияз
  • 2 жұмыртқа
  • аскөк
  • тұз
  • қара бұрыш

Бір литр суды отқа қойып қайнатыңыз. Ішіне консервіленген тунецті, туралған пиязды қойып қайнатыңыз. Енді бір бірден жұмыртқаларды сорпаға жарып қосыңыз – әр жұмыртқаны қосқан сайын дереу араластыруды ұмытпаңыз, жұмыртқа бөлшектеніп пісуі керек. Қалауыңызша тұз бен бұрыш және туралған аскөк қосып 10-15 минуттай қайнатыңыз. Осы-ақ =)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to балық сорпасы (korean version)

  1. Bakytnur айтады:

    Jana konys kutty bolsyn!!!

    WOrdpress jaksy negizi.

    • elvira айтады:

      рахмет, Баха! Жақсылығына көз жеткізе алмай отырмын әлі =) Бірақ адам бәріне үйренеді ғой, осыған да үйреніп кететініме сенімдімін. АЛҒА!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s