Имбирь печеньесі американдық фильмдер арқылы бәрімізге танымал. Кинода көрген сайын жасап көргім келетін. Жасадым. Алоэ балын қолданғаным үшін, печеньелерім қоңыр түсті емес ақшыл болып пісті. Ал, жалпы алғанда – дәмі жақсы.
– 100 гр қант
– 3 ас қасық бал
– 1,5 ш.қ. ұнтақталған имбирь
– 125 гр сары май
– 1 жұмыртқа
– ала алғанша ұн
– разрыхлитель
глазурь үшін:
– қант пудрасы
– лимон суы немесе жай су
Сары май мен балды ерітіп, қантпен араластырыңыз. Жұмыртқа қосыңыз. Енді имбирь мен ұн + разрыхлитель қосып араластырыңыз. Қамырды жарты сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Қамырдан қалаған формада печенье ойып, 170С ыстық духовкада пісіріңіз. Печенье піскенге дейін, 2 ас қасық суға қант пудрасын қосып араластырыңыз. Печеньені суытып, глазурь жағып шығыңыз. Мен әліппе түрінде жасадым. Яғни әрбір печеньеге бір әріп жаздым.
alfavit jazganin kushty pikir eken, Nesibemen step koru kerek, ali birge tamak pisirip korgenjokpiz, insh osi pechenyeden bastaymiz..
осы печеньемен болмаса да, бірге тамақ жасап бастасаңыздар болғаны! Өмірдің ең тәтті кезі сол болар. күшті!