сүзбелі гөзлеме

Мойындау қиын болса да, мен – таза «шала-қазақпын». жоға, мұнымен мақтанып тұрғаным жоқ әрине! шала қазақпын өйткені кейде ойымды қазақша жеткіземін деп қиналатыным соншалық, оны (ойымды) аударып жатып қатты шаршаймын да айтудан мүлдем бас тартамын (соңғы кездері аз сөйлейтін болдың дегендері содан шығар). Жазғанда да солай. Аспаздыққа бір нәрсені жазу үшін оны алдыменен орысша жазып, сосын қазақшаға аударамын (кейде). бірден қазақша жаза салайын десем, ойымды жинай алмай/керек сөздерді таппай қысқа қайыруға дайын боламын…воОт солай. (қатты аяп кеткендер көз жастарын сүртіп алсын) енді аспаздықтағы әрбір сөз қандай қан-термен жазылғанын біліп жүргейсіздер :)))) + кішкене understanding болса ғой деймін. қателерімді (ү//ұ/у, н/ң, і/ы) көзіме батырып жүргендерге ашуланамын деп шашымның ағарғаны да содан. Деп па.

п.с. жиендеріме орысша сөйлеткізбей терроризировать етіп жүргеніме ұрысатын әпкем осыны оқыса бар ғой! хахаха – дегенмен әпкемдердің блогым туралы білмейтіндері қандай жақсы.

Осындай шала-қазақтың бүгін ұсынар тағамы – сүзбелі гөзлеме. Гөзлеменің қамыры бұрын жасағанымнан сәл өзгеше. Сол үшін жеке постпен тіркеп тұрмын аспаздық дәптеріме.

қамыр үшін:
– ұн
– cу
– тұз

ішіне:
– сүзбе
– аздап аскөк

Ұн, су мен тұз араластырып жұмсақ қамыр илеңіз. 15 минутқа үстін жауып қойыңыз. Аз аздан алып, үлкен тәрелке үлкендігінде жайыңыз. Максимум жұқа болуы керек қамыр. Жақсылап қыздырылған табаның астын ең жай отқа қойып, қамырды соның үстіне қойып, бір шетіне сүзбе + аскөк қоспасын қойыңыз. Қамырдың екінші жартысымен сүзбенің үстін жауып гөзлеменің екі жағын пісіріп алыңыз. Дайын гөзлеменің екі жағына сары май жағып үстін жауып қойыңыз. Ыстықтай жеген жақсы.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to сүзбелі гөзлеме

  1. zhanna айтады:

    ooh Elya:)mllliiin supersin goi Mashallahblogyn jalgasa bersin deim, ondai qateler kimde joq deisin..

  2. ayshik мама айтады:

    turkter aytkanday helal olsun sana!gozlemen appetitniy bop tur, kamir jayuga erinip dayin yufka koldanam ilgi, birak koldikinin dami de baskasha boladau.

  3. Эльвира айтады:

    Jan, ARIGATO!Ayshik, рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s