Соңғы жәрмеңкеге жасағандарымның ішінде ең ұнағаны осы раушан гүлдер еді. Сол күні менен басқа тағы 2 кісі жасап барыпты осындай гүлдерді. Түрлі тәттілер арасынан өзімдікін таппағанымда «о-ха тез сатылыпты» деп ойлағаным бар. Сүйтсем жасағандарымды машинадан ас үйге көтерісіп барған балалар бәрін апарып, именно осы печеньені машинаның артқы әйнегі алдынан алуды ұмытып кетіпті! Оны жәрмеңке біткенде ғана байқадым. Хикметі не болса да.. Ертеңіне жартысын Роза апайға беріп, жартысын жұмысқа ала келдім. Ең қызығы – Роза апай печеньені ұнатпапты (млин! кешірмейм!! хехе), ал жұмыстағылар керісінше ұнатып жеді. Рецептті сұрап алғандар да болды.
– 1-1,5 стакан жармақ ұнтағы
– 150 гр ерітілген сары май
– 100 гр қант пудрасы
– 2 жұмыртқа
– ұн
– разрыхлитель
– жаңғақ ұнтағы
шербеті:
– 2 стакан қант
– 2 стакан су
Алдыменен шербетін дайындаңыз. Ол үшін – 2 стакан қантты 2 стакан суға қайнатыңыз. Қою қоспа болғанға дейін. Астын өшіріп, шербетті суытыңыз. Енді, кезек кезегімен ерітілген сары май + жұмыртқа + қант пудрасы мен жармақ ұнтағын қосып араластырыңыз. Ұнға разрыхлитель қосып, бәрін негізгі қоспамен араластырыңыз. Жұмсақ қамыр шығуы керек. Аз аздан алып, қолмен қамырды жұқартыңыз. Диаметрі 3 см, қалыңдығы 0,5 см шеңберлер жасаңыз. Енді бір шеңбердің үстіне жартылай жауып тұратындай етіп екінші шеңберді қойыңыз да, екінші шеңбердің үстін жартылай жабатындай етіп үшінші шеңберді қойыңыз. Үстіне жаңғақ ұнтағын сеуіп, шетінен үш шеңберді рулет формасын беріп ораңыз. Шыққан рулеттің ортасынан қақ бөліңіз. Енді екі жағын тік қойып, майлы қағаз үстінде 25 минуттай пісіріңіз. Піскен печеньенің үстіне салқын шербетті құйыңыз. Печеньенің ішінде жармақ болғаны үшін шербеті тез/жақсы сіңеді.
блогыңыз тамаша екен ағыз еңбек деп осыны айт аллаһ тағала қолыңызға дерт бермесін
рахмет!