қуыршақ

Жылдың басында жиенім Айшаның туған күніне тіккен қуыршағым. Қуыршақ Айшаға тігілгенімен сіңілісіне Аянатқа бұйырды :) Айока қуыршақты көресалып атын «ту-ту Даша» деп қойыпты. (неге ту-ту? мен де басында түсінбегем, сүйтсем мультиктегі әуенден екен).

Әпкемдер Айоканың бетін жуып жатқан кезде, Айока «ту-ту Дашаның да бетін жуамын» деп қуыршағына жүгірген екен. Мамасы айтады ғой, бір кезде «мама, ту-ту Даша.. мұын жоқ!» деп айқайлапты :))) Қызымды қорқытпай қуыршақтың көз-мұрнын дұрыстап салмайсың ба деп мен естідім ұрысты :)) Жалпы Айокаға қуыршақ ұнапты. Қаңтарда сыйлағаныма қарамастан әлі күнге дейін тастамай барған жеріне үнемі алып жүреді екен. Приятно.

Қуыршақты қалай жасағанымды step-by-step түсіруге тырыстым. Бірақ көйлегін тіккен кезде әр қадамымды суретке түсіріп шаршап қалған едім. Сондықтан суретте көйлектің выкройкасы жоқ. Суретті үлкейту үшін үстіне басыңыз.

(математикам үнемі ақсаңдаушы еді.. 5-тен кейін 7 болғанына таң қалмаңыз)

1- қуыршақтың денесі мен аяқ киімі үшін мата таңдаңыз. Мен ақ пен гүлді жасыл матаны алдым.
2- қуыршақтың денесін сызып, кесіп алыңыз. тігістерге кететін 1см есептеуді ұмытпаңыз.
3- 2 аяғы, 2 қолы, 1 денесі (басымен бірге) болуы керек.
4- тігістер 1см-ден артық болмағаны жақсы.
5- егерде аяғына гүлді нәски кигізгіңіз келсе, онда алдыменен гүлді матаны ақ матамен қосып тігіп алыңыз да, сосын гүлді мата астына келетіндей етіп аяқтарды сызыңыз. Қайшымен кесіп, екі жағын тігіп алыңыз.
7- қуыршақтың денесін және қолдарын тіккен кезде бір жағын тікпей ашық қалдырыңыз (мақта салу үшін).
8- енді қуыршақтың бас-аяғын оң қаратыңыз.
9- Синтипонды ұзынша етіп кесіңіз де (әрине кеспей бүтіндей де салуға болады, бірақ ондай жағдайда аяқ-қолдың бұрыш-бұрышына мақта кірмей қалады)
10- енді аяқ-қол-басын мақтамен толтырыңыз.
11- Тығыздап салудың керегі жоқ – аяқ-қолдарды қозғау мүмкін болмай қалады.
12- дененің астыңғы жағын тігіп тастаңыз.
13- қолдың ашық жерін ішке қарай бүгіп, үтіктеп жіберіңіз.
14- дайын аяқтарды денеге машинкамен немесе қолмен тігіңіз. мен алдыменен қолмен тігіп алып, кейін үстінен машинкамен тіктім. басқаша тегіс тігіс жасау қиын еді.
15- қолдарды денеге қолмен тігіңіз. қуыршақ баланың ойыншығы болатынын ескеріп, қос жіппен тіккеніңіз жақсы.
16- аяқ-қолды жинап болсаңыз, қуыршағыңыз жартылай дайын!
17- шаш жасау үшін, қалың тоқыма жіпті кітапқа ораңыз.
18- оралған жіптің бір шетінен кесіп, жіпті екіге бүктеңіз.
19- жіптің ортасына қара мата қойып, тігіп тастаңыз. (таза қара мата таппай гүлді мата қолдандым. «шаштың» астында көрінбейді бәрібір)
20- енді қуыршақтың маңдайынан бастап басының артқы жағынан сызық сызыңыз.
21- жіпті шашты сол сызық бойымен (қолмен) тігіп тастаңыз
22- көз бен ауызды тігіп та жасауға болар еді (көздерді түймемеден жасап дегендей), бірақ мен сияқты еріншектер СД үшін маркерлерді алып саласалады.
23- қуыршақтың шашын Дашаға ұқсатып «каре» жасауыма болар еді, бірақ кейін жиендерім шашын өргісі келсе шаштың ұзыны жақсы болар деп екі жағынан буып «хвостик» жасай салдым.
24- ол үшін алдыменен «пробор» жасау керек.
25- қуыршақтың көйлегін талғамыңызға қарай тігерсіз. іске сәт!
26- бойы 40-45 см, екі сары қалтасы бар (қалталар – Айоканың мамасының спецзаказы) жасыл көйлекті қуыршағым – Даша осылай жасалынды..

п.с.: уф, әрең жазып болдым ғой. қазақша жазу қиын болып баратыр күннен күнге :(

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to қуыршақ

  1. ayshik мама айтады:

    отличная кукла, киімі күшті енді

  2. Эльвира айтады:

    рахмет! основа/тело для куклы была сшита за 30 минут, а вот остальное.. (прическа, платье) за 2 недели! пока придумала, пока собралась, пока сшила.. и потому мне очень приятно слышать твою оценку! рахмет!

  3. Жулдыз айтады:

    Слов нет! Супер!!!

  4. газиза айтады:

    ангимениз кызыыыкккк)))))))))))))))))

  5. violetta айтады:

    Кушти

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s