жасыл жасымықтық қосылған булгур

Қазір ғана Crossed Over атты киноны көріп болдым. Шындыққа негізделген фильм: өлім жазасына тартылған Карла Фэй Таккер мен он сегіз жасар баласын жоғалтқан ана туралы. Бірінде нашақор ана қыздарын да нашақорлыққа баулап, өмірді қалай көрсе, қалай қабылдаса қыздарына да соны үйретіп, ақыры осындай тәрбие адам өлтірумен нәтижеленеді. Екінші жағдайда – жалғыз баласын еркелетіп өсірген мәдениетті әйел. Бірақ бұл жағдайда да бала нашақор өсіп, жол апатында қаза болады. Екі тағдыр – екі бөлек тәрбие.

Ауыр кино. Соңғы минутына дейін жылап шықтым.

Ақпанның орталарында Алматының бір мектебінде болған оқиғаны ұмыта алмай жүрмін. 9 сынып оқушысын жастастарының қолынан өлгенін. Сондағы баланың бар кінәсі басқа мектептен ауысып келуінде, ортамға сыйыса алмағанында. Осыны кінә тағып жас баланың мойынын үзіп жіберген екен оңбағандар. Қарапайым қалалық мектеп, қарапайым атананың қарапайым балалары. Алған тәрбиелері ғана бөлек.

Киноны төмендегі рецептті жазып отырып қатар қарадым. Түртіп кетуге тұрарлық кино.

Жасымықтықтықты жартылай пісіріп алыңыз. Артық суды төгіп тастаңыз. Майды қыздырып, жасымықтықты екі қасық томатпен бірге қуырыңыз. Булгурды, тұз бен дәмдеуіштерді қосып аздап қуырыңыз да, толық жауып тұратындай қайнаған су құйып, үстін жауып су толық тартылғанға дейін пісіріңіз. Ұсынар алдында он минуттай демдетіңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to жасыл жасымықтық қосылған булгур

  1. ayshik мама айтады:

    мен де жасадым осыған ұқсаған плов, дәмі күшті болад екен, блогта жаздым

  2. Эльвира айтады:

    сенікі де жақсы екен! етпен дәмді болуы керек. менікі гарнир ретінде жақсы болар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s