ноқат пен булгур палауы

Бүгін Алматыда -15 шамасында күн салқын болды. Содан таңертең інімнің машинасын «ұрлап» әкетпекші болғанымда машина есігін кілтпен аша алмай қойдым – құлыпы мұздап қатып қалыпты! Көп ойланбай машинаның басқа есігін ашып, көлікті оталдырдым да, жүргізуші орнының есігін іштен ашып, тапқырлығыма риза болып жұмысқа кете бердім. Офистің алдына келіп, беймарал машинаны құлыптайын десем, қатып тұрған құлып әлі қатып тұр екен :( бұл жолы іштен жауып та құтыла алмайсың. Амал жоқтығынан («ұрлығымды» білдіртіп) ініме звондауға тура келді.

«Шәугім» автожүргізушілерге арналған Сабақ №1: Құлып мұздап қатып қалған кезде, кілтті шақпақпен кем дегенде 30 секунд жылытып алыңыз. Сосын ыстықтай күйінше құлыпқа салып, айналдырып көріңіз. Егер құлып әлі де істемей тұрса, шақпақты жағып, кілтті қайта ысытыңыз.

Менің палауым сәл езіліп пісіпті. Ноқатты алдын ала жібітпегенім үшін, піспей қалады ма деп қорққанымнан палаудың суын көбірек құйып қойыппын. (деееп ақталып қоймайд дейд)

– 1 стакан ноқат
– 1 стакан ірі булгур
– 1 кесе фарш
– 2 ас қасық томат
– 1 пияз
– тұз / бұрыш
– сары май

Алдыменен ноқатты жуып, тез пісіретін қазанға үстін сәл жауып тұратындай етіп қойып 25-35 минут аз отта қайнатыңыз. Пиязды сары майға қуырыңыз. Фарш қосыңыз. Бәрін жақсылап қуырып, тұз бен бұрыш қосыңыз. Енді томатты қосып араластырыңыз. Жартылай піскен ноқат бұршағын қосыңыз. Булгурды жуып, етке қосып аздап қуырыңыз. Енді қайнаған суды булгур мен ноқаттың бетін сәл ғана жауып туратындай етіп құйып, суы толық тартылғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to ноқат пен булгур палауы

  1. Anonymous айтады:

    negizi en jaksisi signalizatsiya koigan durys chgar. central door lock, jane avto zavod degen siakti kenesti durys tusinbedim ba

  2. Эльвира айтады:

    иә, ескі көлігімнің автозаводы бар еді. інімдікінде ондай жоқ. қойғысы жоқ әзірге. басында сигнализацияға қатты үйренгендігімнен есікті кілттемей кетіп қалатын кездерім болды (алыстан чик чик етіп жабуға үйреніп). қазір барына қанағат деймін. Өткенде тағы бір жаңалық аштым: егер кілтті теріс жаққа бірнеше рет бұрасаң, өзінен өзі терезе ашылады екен. Тайота Камридің бәрі сондай ме екен?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s