матадан қаламсауыт

Сурет салғанды ұнататын жиенім Айшаға кішкентай ғана жаңа жылдық сыйлығым. Қаламсауыт 16 фломастерге арналған. 30-45 минутта жасалынады. Фломастерлердің қағаз қорабымен салыстырғанда мұндай қаламсауыт көпке төзімді әрі жууға жарамды.

– 17 х 41,5 см үлкендігінде 2 мата (іші / сырты үшін)
– 19,5 х 41,5 см үлкендігінде екіге бүктелген мата (қалта үшін)
– 1м тоқыма бау
– 17 х 41,5 см фризелин
– 30 см бау
– фломастерлер
– бекіткіш (қалай аталатынын білмеймін)

1- 17х41,5см матаның теріс жағына фризелинді үтіктеп жабыстырыңыз.
2- Қалта үшін бүктелген матаны (бүктелген жағын жоғары қаратып) фризелин жабыстырылған матаның оң жағына инелермен бекітіңіз.
3- Екі шетінен 4 см қалдырып, ара-арасына 2,5см тастап параллельді сызықтар тігіңіз. Сызықтардың үст жақтарын қос тігіспен бекітуді ұмытпаңыз.
4- Тоқыма бауды екіге бөліп, қаламсауыттың ұзын шеттеріне инелермен бекітіңіз.
5- Негізгі бауды екіге қайырып, шеттерін ішке қарай жіберіп, қайырылған ұшын (суретте көрсетілгендей) қаламсауыттың ортасына қойып,
6- 17х41,5см матаның екіншісін қалтаға оң қаратып қойып, айналдыру үшін 7см қалдырып, айнала тігіп тастаңыз.
8- Қаламсауытты оң қаратып, үтіктеп жіберіңіз.
9- ашық қалған 7см-ді қамүмкіндігінше шетке жақын етіп майда тігіспен тігіңіз.
10- Баудың екі ұшын бекіткіштен өткізіп, түйіндеңіз.
11- Фломастерлерді қалталарға орналастырыңыз.
12- Баусыз жақтан бастап қаламсауытты орап, бекіткішпен бекітіңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to матадан қаламсауыт

  1. Aysha айтады:

    oi, men kkishkentai jasimnan tikkendi katti unatam. jakinda magan Moshniy tigin mashinasin siyga tartkan edi, birak mamam jukti aielderge tigu bolmaidi dep jolatpaidi :) tamak isteumen birge kop narse tigem, tokim dep oilap mna blogti bastagan edim http://kol-oner.blogspot.com/ birak ali eshnarseni Publish jasamadim. material jinap jurmin, biraz bolip kaldi.Thank you for beeing my teacher :)Happy New Year :) have a wonderful one!

  2. Эльвира айтады:

    ой Айша, не деген пысық қыз едің! Көз тимесін! Ашқан блогың құтты болсын! (қарайын десем аша алмай қойдым). Блогыңды жиі жаңартып тұр – сенен үйренеріміз көп-ау.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s