2010 жыл шекердей тәтті де баянды болуын ырымдап осы жылдың шымылдығын тәтті торт рецептімен ашайын. Торт пісіруге жақсы себеп пен (себепсіз) жақсы көңіл-күй үнемі қасыңыздан табылсын!
– 4 жұмыртқа
– 3/4 стакан ұн
– 3/4 стакан қант
– 1 ас қасық сұйық май
– аздап қана тұз
– аздап разрыхлитель
– 150 гр крем шанти
– 2 стакан салқын сүт
– 2 киви, жаңғақ пен сұйық сироп
Крем шанти ұнтағын сүтке қосып 10 минуттай араластырыңыз. Кремнің қатаюі үшін тоңазытқышқа қойыңыз.
Жұмыртқаларды сарысын бөлек, ағын бөлек ыдысқа жарыңыз. Ағына өте аз тұз қосып араластырыңыз (тұз жұмыртқаның жақсы араластырылуы үшін керек). Енді қанттың жартысын қосып, құрамы тығыз қар сияқты болғанға дейін миксерлеңіз. Бөлек ыдыста жұмыртқа сарысын қалған қантпен құрамы ағара бастағанға дейін миксерлеңіз. Екі жақта да қант толығымен еріген кезде, жәймен ғана сарысын ағына қосыңыз. Енді қол миксерімен немесе ағаш қасықпен араластырыңыз. Ұнды + разрыхлительді аз аздан қосып, үздіксіз ағаш қасықпен араластырып тұрыңыз. Сұйық май қосып араластырыңыз.
Пісіретін ыдыстың табанына қарай майлы қағазды кесіп, төсеңіз де соның ішіне торт қамырын тегістеп төгіңіз. алдын ала қыздырылған 175С духовкада үсті қызара бастағанға дейін (20-25 минут) пісіріңіз. Піскен тортты жақсылап суытып алып қана ыдысынан шығарыңыз.
Тортты екіге бөліп, ортасына сұйық сиропты сеуіп қойып, крем жағыңыз. Үстіне туралған киви тізіңіз. Тортты екінші жартысымен жауып, үстіне крем жағыңыз да, ұнтақталған жаңғақпен үсті-шетін сәндеңіз.
Отте женил арй тез,дами тил уйреди деп ойлаимын.