Туған күніме жасалған күшті сыйлықтардың бірі – тез пісіретін қазан! (ор.скороварка / тур.duduklu tencere). Жасалынуы керек подаркілер тізіміне кіргізіп өзім сұрап алған болсам да :) Сосын бір танысым «кей жағдайда қақпағы атылуы мүмкін» деген соң онымен тамақ пісіруге біраз қорқақсынып жүріп алдым. Бекер уайым. Қолданылуы жеп-жеңіл. Картопты 5 минутта, қырыққабат қосылған рагу тамағын бар жоғы 15 минутта пісірсе, етті тағамды 35 минутта пісірді. Ең маңыздысы, әрбір көкөніс буға піскендей ешбір деформалауға ұшырамай, витаминдері жоғалмай пісті. Расында да елдер айтқандай әрбір үйге керек дүние екен. Сондай ризамын!
– сиыр еті
– 2 сәбіз
– 1 үлкен қызанақ немесе 2 ас қасық томат
– аскөк
– тұз / дәмдеуіштер
Етті және сәбізді ірілеп тураңыз. Тұздамай, май қоспай қазанға қойыңыз. Қақпақты жабыңыз. Қатты бу шыға бастаған кезде, астын басыңыз. Осы уақыттан бастап сағатты есептеңіз. Піскен кезде қазанның астын өшіріп, 5 минуттай қақпағын ашпаңыз. Енді бу шығаратын затты жоғары көтеріп, артық буды толығымен шығарыңыз. Енді қақпақты ашыңыз. Етті тұздап, майдалап туралған аскөкпен араластырыңыз. Гарнирға жүгері қосылған күріш жасасаңыз болғаны – тамақ дайын – Ас болсын!
Kaidan satip alsa boladi eken?mumkin bolsa bagasin aita alasiz ba?
Ramstore дүкендерінде сатылады. Бағасы 10 мың шамасында болуы керек – қазанның көлеміне байланысты.