Алматыда күшті қар жауды. Кішкене салқындау болды дала, бірақ қыс маған сонысымен ұнайды. Медео жақты қар басып тастаған болар. Барып қайту керек еді. Коньки теуіп.
– 100 гр сұйық май
– 1 жұмыртқаның ағы (сарысы үстіне)
– 3 ас қасық сүт
– 1 ас қасық майонез
– майдалап туралған аскөк
– 150 гр сүзбе ірімшік
– 2-3 ас қасық жүгері
– 1 стакандай ұн
– разрыхлитель
Бәрін араластырыңыз. Жаңғақ үлкендігінде домалақтар жасап, майлы қағаз үстіне тізіңіз. Үстіне жұмыртқа сарысын (жартысы да жетеді негізі) жағыңыз. 180С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Шамамен 12 дана шықты.