6 минутта пудинг

Бұл рецептті аспаздыққа қояйын ба, қоймайын ба деп біраз ойландым. Жо, пудинг өте дәмді болып шықты, тіпті суытуға шыдам жетпей ыстық күйінше жеп алғанбыз. Сосын қалғанын тоңазытқышқа қойып едік, ертеңіне онымыз somehow суланып кетті (суретке жақсылап қарасаңыз – көрінеді). Дәмі еш өзгермесе де, қатудың орнына сұйықтау болғанына бір түлі боп қалдым. Негізі тоңазытқышым соңғы кездері дұрыс істемей жүр, пудингтің суланып қалғанын содан көрдім. Енді жаңа тоңазытқыш келгенге дейін, қайта жасап та көре алмаймын. Сіздер жасап көріңіздерші, сіздікі де суланса айтып қойыңыз – рецепттің жаман екенін білейік ;)

– 3 ас қасық қант
– толған 2 ас қасық какао (рахаттікі болса – 4 қасық)
– 3 ас қасық крахмал
– 2 стакан сүт

Барлық құрғақ заттарды араластырыңыз. Сүт қосыңыз. Микротолқын пештің ең жоғары дәрежесінде 3 минут пісіріңіз. Қол миксерімен жақсылап араластырып (түйін болмауы керек) тағы 3 минутқа қойыңыз. Бұл жолы әр минут сайын ыдысты шығарып араластырып тұрыңыз. Ыстықтай әдемі ыдыстарға құйып, суытыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: микротолқынды пеш. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s